29 сәуір 2022 | 10:00

Тағайындаулар, КҚК соты. 28 сәуірде Қазақстанда және әлемде не болды?

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент
Фото: Тengrinews.kz

Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды. Закиржан Кузиев ҚХА атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды. Пентагон Лавровтың ядролық соғыс қаупі туралы сөзіне жауап берді. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды. Закиржан Кузиев ҚХА атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды. Пентагон Лавровтың ядролық соғыс қаупі туралы сөзіне жауап берді. Tengrinews.kz тілшісі өткен күннің ең маңызды жаңалықтарын жинап, топтама жасады.

Қазақстанда тағы бір қаржы пирамидасы анықталды 

Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облысы бойынша аумақтық департаментінің қызметкерлері Antares Limited қаржылық пирамидасын анықтады. Ұйымдастырушылар азаматтарға компанияға 100 АҚШ долларынан бастап қолма-қол ақша салса инвестицияның 0,5-2 пайызы күнделікті өсіп отыратынын айтып уәде берген. Бүгінде сотталушыларға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сот күдіктілерге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.  

Реклама
Реклама

Қаңтар оқиғалары: Алматыда көлігі бүлінгендерге 258 миллион теңге төленді 

Алматы қаласы аудандарының әкімдіктеріне автокөлік иелерінен келтірілген залалды өтеу туралы 99 өтініш түскені хабарланды. Жеке тұлғаларға келтірілген шығынды өтеу тетігіне сәйкес (Үкіметтің 2013 жылғы 28 тамыздағы №877 қаулысымен бекітілген Терроризм актісі салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтірілген мүліктік зиянды өтеу қағидалары бойынша) жалпы сомасы 258 миллион теңгеге 54 өтінім қанағаттандырылды (Алмалы ауданы - 33, Әуезов ауданы - 9, Түрксіб ауданы - 12).

Қазақстанда қылмыстық істер көрсеткіші 7,6 пайызға төмендеген

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ведомство жұмысы туралы есеп берді. Еліміздегі криминогендік жағдай туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, қылмыстық істер көрсеткіші 7,6 пайызға төмендеген. Соның ішінде денсаулыққа ауыр зақым келтіру, қарақшылық, тонау, мал ұрлығы, бұзақылық, алаяқтық және зорлау деректері айтарлықтай азайған. Қауіпсіздік мәселелерін қоғаммен серіктестік орнату арқылы шешуге негізделген полицияның сервистік моделінің енгізілгенін мәлімдеді.

КҚК мұнай төгілгені үшін 5,3 миллиард рубль төлеуге міндеттелді 

Каспий Құбыр Консорциумы мұнай төгілгені үшін 5 миллиард 285 миллион рубль төлеуге міндеттелді. Бұл туралы Росприроднадзор басшысы Светлана Родионова мәлімдеді. Оның айтуынша, КҚК Новороссийск маңындағы мұнай төгілуіне байланысты келтірілген шығынды өз еркімен өтеуден бас тартып отыр. Сондықтан Росприроднадзор бұл ақшаны сот арқылы өндіруге мәжбүр болған. Краснодар өлкесінің арбитраждық соты Росприроднадзордың барлық талаптарын толық қанағаттандырды. Каспий құбыр консорциумы табиғатқа келтірілген зиян үшін 5,285 миллиард рубль төлейді

Фото: РИА Новости

Тоқаев ҚХА атынан ұсынылатын Мәжіліс депутатын сайлауға қатысты 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісінің шығып қалған депутатының орнына ҚХА атынан ұсынылатын депутатты сайлауға қатысып, дауыс берді. Президент дауыс бергеннен кейін депутаттыққа үміткерлердің сенімді өкілдерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы алдағы уақытта Конституцияға өзгеріс енгізілетіндіктен мұндай форматтағы сайлау соңғы рет өтіп жатқанын атап өтті.    

Фото: akorda.kz                                

Закиржан Кузиев ҚХА атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды 

Закиржан Кузиев Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан Мәжіліс депутаты болып сайланды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайтында жазылған. ОСК мәліметінше, Кузиев 60,94 пайыз дауыс жинаған. Оның оппоненті Виталий Тварионас 30,12 пайыз дауыс жинады. Сайлаушылардың 5,88 пайызы бәріне қарсы дауыс берген. Айта кетейік, бұған дейін Закиржан Кузиев Ассамблея төрағасының орынбасары қызметінен босатылған болатын.  

Фото:instagram.com/kuziyev_zakirzhan 

Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды 

Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Хажимұратұлы Қаджиақбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары лауазымына тағайындалды. Нұржан Қаджиақбаров бұрын Қазақстанның Ресейдегі уақытша сенімді өкілі қызметін атқарған.

Фото: mgimo.ru 

Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды 

Облыс әкімінің өкімі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қызылорда қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Асылбек Шәменов тағайындалды

Фото: gov.kz

Венгрия ресейлік газды рубльмен сатып алуға келісті 

Венгрия билігі Ресейдің газ бен мұнайды рубльмен сату жүйесін қабылдады. Бұл туралы республиканың сыртқы істер министрі Петер Сийярто мәлімдеді. Оның айтуынша, Венгрияда "басқа таңдау жоқ", өйткені ел газдың 85 пайызын және мұнайдың 65 пайызын Ресейден алады. Сийярто Венгрияда алдағы бірнеше жылда ресейлік энергия ресурстарын импорттауды тоқтатуға мүмкіндік беретін балама көздер жоқ екенін атап өтті. Оның айтуынша, ел билігі ресейлік газдың ақысын төлеу үшін "Газпромбанкте" еуроны рубльге айырбастап жатыр. Венгрия сыртқы істер министрі Болгария арқылы транзитпен елге газ жеткізу қалыпты режимде жалғасып жатқанын атап өтті.

Швейцария ресейлік көмірді импорттауға тыйым салды 

Швейцария Федералдық кеңесінің мәліметінше, ел билігі ЕО-ның осындай шешімінен кейін Ресейден көмір жеткізуге тыйым салған. Жаңа санкция бойынша Ресей үшін маңызды кіріс көзі болып саналатын уылдырық, ағаш және теңіз өнімдері сияқты тауарларды импорттауға тыйым салынды. Швейцария Ресейдің Украинадағы жалғасып жатқан әскери операциясына байланысты 27 сәуірде жаңа санкциялар енгізді. Сондай-ақ, Мәскеуде өнеркәсіптік өндірісті нығайту үшін пайдаланылатын роботтар мен химиялық заттар сияқты швейцариялық тауарларды Ресейге экспорттауға тыйым салынады.

Пентагон Лавровтың ядролық соғыс қаупі туралы сөзіне жауап берді 

Пентагонның ресми өкілі Джон Кирби Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Кирбидің айтуынша, АҚШ Украинадағы қақтығыс шиеленіскенін қаламайды және оқиғалардың ядолық соғысқа өршуіне ешқандай себеп көріп отырған жоқ. Кирби АҚШ әскері қауіпті "күнделікті, оның ішінде бүгінде" қадағалап отырғанына және қосымша шара қабылдауға ешқандай себеп көрмейтініне сендірді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная