28 сәуір 2022 14:59

Қызылорда қаласының жаңа әкімі тағайындалды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

gov.kz gov.kz

Асылбек Шәменов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Асылбек Шәменов Қызылорда қаласының әкімі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев актив отырысында қаланың жаңа әкімін таныстырды.

"Облыс әкімінің өкімі бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі және Қызылорда қалалық мәслихаттың келісімі бойынша Қызылорда қаласының әкімі лауазымына Асылбек Шәменов тағайындалды", - делінген хабарламада.

Асылбек Шәменов 2020 жылы Жалағаш ауданының әкімі болып тағайындалған.

Асылбек Шәменов 1978 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін "Халықаралық туризм", Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін "Мұнай-газ кен орындарын игеру" және "Құрылыс" мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1999 жылы "Қызылорда интеграция" компаниясының менеджері ретінде бастаған.

2007-2012 жылдары облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларында жауапты қызметтер атқарған.

2012-2018 жылдары Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, 2018 жылдың мамырынан бастап осы кезге дейін Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы лауазымын атқарған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети