28 сәуір 2022 13:01

Швейцария ресейлік көмірді импорттауға тыйым салды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

Швейцария билігі Ресей мен Беларуське қарсы қосымша санкциялар салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Швейцария билігі Ресей мен Беларуське қарсы қосымша санкциялар салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Швейцария Федералдық кеңесінің мәліметінше, ел билігі ЕО-ның осындай шешімінен кейін Ресейден көмір жеткізуге тыйым салған. Жаңа санкция бойынша Ресей үшін маңызды кіріс көзі болып саналатын уылдырық, ағаш және теңіз өнімдері сияқты тауарларды импорттауға тыйым салынды.

"Швейцария Ресейдің Украинадағы жалғасып жатқан әскери операциясына байланысты 27 сәуірде жаңа санкциялар енгізді", - делінген үкімет мәлімдемесінде.

Сондай-ақ, Мәскеуде өнеркәсіптік өндірісті нығайту үшін пайдаланылатын роботтар мен химиялық заттар сияқты швейцариялық тауарларды Ресейге экспорттауға тыйым салынады.

Басқа да қаржылық санкциялар күшіне енеді, соның ішінде, Ресейдің резидент азаматтары үшін Швейцарияда трасттарды тіркеуге тыйым салынады. Швейцария банкноттарды экспорттауға және Беларусь азаматтарына немесе резиденттеріне ЕО-ның барлық валютасындағы бағалы қағаздарды сатуға тыйым салды. Бұған дейін тыйым швейцариялық франк пен еуроға ғана қатысты болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети