27 желтоқсан 2021 | 17:40

Тағы бір өңірде "көк" мәртебесі барларға сауда орталығына кіруге тыйым салынды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулы күшіне енді. Онда "көк" мәртебесі бар тұғындарға сауда орталықтарына кіруге тыйым салынған. Сондай-ақ, вакцина алмаған азаматтар қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысында шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулы күшіне енді. Онда "көк" мәртебесі бар тұғындарға сауда орталықтарына кіруге тыйым салынған. Сондай-ақ, вакцина алмаған азаматтар қашықтан жұмыс істеуге көшіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа қаулыға БҚО бас санитария дәрігері Мұхаметғали Арыспаев қол қойды. Ол 27 желтоқсанда күшіне енді.

Жаңа құжатта жазылған тармақтардың бірі мынадай:

 "Сауда және ойын-сауық үйлері, сауда орталықтары, халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін күшейтілген санитарлық-эпидемияға қарсы, санитарлық-профилактикалық іс-шаралардың сақталуын, жұмыс және демалыс күндерінде штаттық режимде жұмыс кестесін белгілей отырып, қызметкерлер мен келушілерді қауіпсіз "жасыл" мәртебемен (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдарды қоспағанда, вакцинация, сынама алған кезден бастап 7 тәуліктен аспайтын теріс нәтижесі бар ПТР-тест, соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдар) кіргізу", - делінген құжатта.

Құжаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сауда орталығына Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебесі барлар ғана кіргізілетіні туралы ереже бүкіл астаналық вакцина алғанға дейін жалғасатынын айтқан болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети