03 желтоқсан 2021 18:01

Елордалықтар "көк" мәртебемен қашан сауда үйлеріне кіре алатыны айтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сауда орталығына Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебесі барлар ғана кіргізілетіні туралы ереже бүкіл астаналық вакцина алғанға дейін жалғасатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов сауда орталығына Ashyq қосымшасында "жасыл" мәртебесі барлар ғана кіргізілетіні туралы ереже бүкіл астаналық вакцина алғанға дейін жалғасатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жұмыс күндері ғимаратқа "жасыл" сатусы барларды ғана кіргізу туралы. Бұл бастаманы әкімдік енгізді. Екі аптада нәтиже қандай және бұл шектеуге негіз бар ма, өйткені бизнес зардап шегеді. "Жасыл" мәртебені жұмыс күндері тексеру сауда үйлеріне қолданыла ма" - деп сұрады журналист Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте әкімнен.

Көлгінов қалада вакцинация толық жүргізіліп, жасы мен денсаулық жағдайына байланысты екпе алуға болатын бүкіл азамат вакцина алуы қажет деп жауап берді.

"Сондықтан Ashyq бағдарламасы бойынша "жасыл" түс екпе алғандарға арналған. Адамдар көп жиналатын орындар қайда? Сауда орталығында. Сондықтан, адамдар сауда орталығына вакцина алып келуі үшін, комиссия осындай ұсыныстар жасады. Біріншіден - өзіңізге, екіншіден - адамдарға қауіп төндірмеуіңіз үшін осындай шешімдер қабылданды. Ол бәріңіз вакцина алғанша жалғасады. Вакцинация әлі жүргізіліп жатыр", - деді әкім.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети