04 қазан 2022 08:35

Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркілене ме? Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркіленеді деген ақпарат жалған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Такси қызметімен заңсыз айналысатындардың көлігі тәркіленеді деген ақпарат жалған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Желіде жеке кәсіпкер ретінде тіркелмей, такси қызметін ұсынатын дерек анықталған жағдайда, жеке көліктердің конфискацияланып жатқаны туралы ақпарат тарады. Бұл жалған", - делінген хабарламада.

Ведомство мұндай шара сот шешімімен ғана қабылданатынын еске салды.

"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің бірқатар баптарымен соттың шешімі болған жағдайда меншіктен айыру мүмкіндігі көзделеді. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес өз мүлкінен тек сот шешімімен айырылуы мүмкін. Заңсыз такси болғаны үшін көлік құралдарының конфискацияланғаны туралы бірде-бір дерек жоқ", - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, Мемлекеттік кірістер комитеті такси қызметін жеке кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асырғаны үшін 15 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылғанын ескертеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети