23 қараша 2021 14:12

Талаптары біртүрлі - Цой антиваксерлер жиыны туралы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда антиваксерлер азайып бара жатқанын, ал қалғандары "біртүрлі талап" қоятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда антиваксерлер азайып бара жатқанын, ал қалғандары "біртүрлі талап" қоятынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цойдан Министрліктер үйі алдына наразылыққа шыққандар туралы пікір білдіруін сұрады.

"Талаптары біртүрлі: міндетті вакцинация қажет емес. Бізде міндетті вакцинация жоқ. Қаламасаңыз вакцина алмаңыз. Бұл жай ғана қосымша мүмкіндік. Сіз өз еркіңізбен келісім бермейінше, ешкім вакцина салмайды. Бұл таңдау: егер балаларды қорғағыңыз келсе, салдырыңыз. Қорғағыңыз келмесе, иммунитетке сенім артыңыз", - деді Цой.

Оның айтуынша, тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

"Біз ғана емес, білесіздер, азаматтық қоғам қазір өте белсенді - блогерлер де, журналистер де, олар тікелей қолдайды, бізсіз-ақ өздері түсіндіреді. Ресми дереккөз ретінде нақты расталған статистиканы жариялаймыз. Бірақ азаматтық қоғам да қазір түсіндіру жұмыстарын өте белсенді жүргізіп жатыр. Ал екпеге қарсы жазба жариялайтын азаматтар күн сайын азайып бара жатқанын көріп отырмыз. Біз мұны тікелей қадағалап отырмыз", - деп түсіндірді министр.

Ол халықтың 70 пайызы вакцина салдырғаны да антиваксерлер пікіріне әсер еткенін айтты.

"Мұны хайп ретінде қолданатындар қатары да сиреді", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети