05 тамыз 2021 12:06

Талдықорған әкімінің орынбасары мониторинг тобы мүшелері ұсталғаннан кейін қызметтен кетті

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Пара алды деген күдікпен мониторингтік топ мүшелері ұсталғаннан кейін Талдықорған әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Пара алды деген күдікпен мониторингтік топ мүшелері ұсталғаннан кейін Талдықорған әкімінің орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта іс ҚР ҚК-ның 366-бабы "Пара алу" бойынша тергеліп жатыр. Қылмыс бойынша Талдықорған кәсіпкерлік бөлімінің басшысы мен бас маманы күдікке ілінген.

"Қылмыстық іс аясында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшылығы Талдықорған әкімі қатысқан кеңес өткізді. Оның қорытындысы бойынша алдын алу шаралары, сондай-ақ осы бағытта бақылау дұрыс жүргізілмегеніне байланысты Талдықорған әкімінің орынбасары Сәуле Арзанбекова жұмыстан шығарылды", - деді ведомство өкілі.

Сондай-ақ, бұқаралық іс-шаралар өткізген мейрамханалардың бес әкімшісі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Олар пара берді деген күдікке ілінген.

Қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Талдықорған қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғалары сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінгені хабарланған болатын.

Бөлім басшысы өзінің қарамағындағы бас маманмен сөз байласып, COVID-19-бен күрес бойынша дағдарысқа қарсы шаралар кезінде адамдар көп жиналатын шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынғанына қарамастан, қала рестораторлары мен сауда өкілдерінен оларға қатысты әкімшілік шаралар қабылдамағаны үшін жүйелі негізде 20 мыңнан 270 мың теңгеге дейін пара алды деген күдікке ілінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети