24 мамыр 2022 21:41

Талдықорған тұрғындарын жарылыс дыбысы шошытты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: gov.kz Иллюстрациялық фото: gov.kz

Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Талдықорған мен көршілес ауылдардың тұрғындары естіген жарылысқа ұқсас дыбыс неден болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті Талдықорған мен көршілес ауылдардың тұрғындары естіген жарылысқа ұқсас дыбыс неден болғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде қатты жарылыс туралы ақпарат пайда болды, оны Алматы облысындағы ауыл тұрғындары естігені айтылған. Кейбір қолданушы Талдықорған маңында ұшақ апатқа ұшырады деген болжам жасады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Алматинской области. (@kris_p_tdk)

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. Дыбыс аумақтың үстінен ұшып өткен әскери ұшақтан шыққан. Сондай-ақ ведомство "112" нөміріне көмек қажет екенін ешкім хабарласпағанын атап өтті.

"Алдын ала мәлімет бойынша, әскери ұшақ ұшып өтіп, қозғалтқыш форсажын қосқан, яғни жылдамдықты күрт үдеткен, соның нәтижесінде қатты тарсыл даусы шыққан. Ол қаладан ұшып өтті, ал біздің әуежай қаладан тыс жерде. Мен өзім де соған қарадым, біздің ғимараттың 5-қабатына көтерілдім. Шатырдан қараймын - түтін жоқ, ештеңе болмаған", - деп түсіндірді Алматы облысы ТЖД дағдарыс жағдайлары басқармасының бастығы Павел Сачков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети