Талдықорғанда коронавирустың үш ошағы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда коронавирустың үш ошағы анықталды

Талдықорғанда табылған коронавирус ошақтары карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талдықорғанда табылған коронавирус ошақтары карантинге жабылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгін Талдықорған қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, коронавирус тіркелген үйлердің аумағында карантин режимі енгізілді", - деп хабарлады Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Карантин режимі Достық шағын ауданындағы № 25 үйдің, Қабылиса жырау көшесіндегі № 211Е үйдің 4-ші подъезіне және Сланов көшесіндегі № 76 үйдің аумағында енгізілді.

"Аталған мекен-жайдағы үйлер 16-29 мамыр аралығында карантинде болады, олардың тұрғындарымен түсіндіру жұмыстары жүргізілді", - деп атап өтті баспасөз қызметі өкілі.

Айта кетейік, Алматы облысында коронавирус жұқтырған 201 адам тіркелген, оның ішінде жетеуі Талдықорғанда.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также

Валюта бағамы

 486.16   555.05   6.51 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +21
Ақтау +20
Ақтөбе +17
Атырау +24
Б
Балқаш +17
Ж
Жезқазған +21
Қ
Қарағанды +19
К
Көкшетау +15
Қ
Қостанай +19
Қызылорда +18
П
Павлодар +18
Петропавл +16
С
Семей +18
Т
Талдықорған +22
Тараз +21
Түркістан +17
О
Орал +12
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер