12 наурыз 2022 18:20

Талдықорғанда мұғалімді боқтап тастаған оқушы оқиғасы: Аймағамбетов пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Иллюстрациялық фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Telegram-арансында Алматы облысы Талдықорған қаласындағы №4 орта мектепте болған мұғалім мен оқушы арасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Telegram-арансында Алматы облысы Талдықорған қаласындағы №4 орта мектепте болған мұғалім мен оқушы арасындағы жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Министр желіде тараған видеоны көргенін және оқушының ұстазға дауыс көтеріп сөйлегені көңілін түсіргенін айтты. Сондай-ақ, мектеп мұғалімімен телефон арқылы сөйлесіп, қолдау білдіргенін жазды.

"Қай заманда болмасын азаматтарымыз үлкендерге, әсіресе ұстаздарға құрметпен қарайтын, оларды сыйлайтын. Үлкенді сыйлау, отбасы құндылығы, адалдық, инабаттылық, еңбексүйгіштік, білімге құштарлық, заңға бағыну және отансүйгіштік болашақ ұрпақты тәрбиелеудің негізі болуы керек.

Бүгін мен №4 орта мектептің мұғалімімен телефон арқылы сөйлестім. Ол білім саласында 11 жыл бойы қызмет етіп келеді. Әріптесіме қолдау сөздер айтып, қажырлы еңбегі, шыдамдылығы мен адалдығы үшін алғыс білдірдім", - деді ол.

Аймағамбетов оқушы мен кәмелетке толмаған балалар үшін жауапты ата-анаға қатысты заңнамаға сәйкес шара қабылданатынын айтты.

"Әкімшілік хаттама толтырылды. Сондай-ақ баланың ата-анасына қатысты әкімшілік іс қозғалды. Енді шешімді Алматы облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қабылдайды", - деді министр.

Ол министрлік тарапынан педагогтерге деген мұндай қарым-қатынасты, көзқарасты жойып, жолын кесу үшін қатаң шаралар қабылдайтынын ескертті. "Қоғамда мұғалімнің мәртебесі жоғары болуы керек" деді.

"Бұған дейін оқушыға психологиялық көмек көрсету және оны есепке қою туралы мәселе қаралатынын хабарлаған болатынбыз.

Мұндай жағдайда ата-ана мен мектептің бірлесе жүргізетін тәрбие жұмысы маңызды рөл атқарады. Балаларды үлкендерге, әсіресе қоғамымыздың дамуына үлес қосып жүрген ұстаздарға құрметпен қарау сияқты қасиеттерге баулуға шақырамын", - деп пікір білдірді білім министрі.

Бұған дейін Желіде биология сабағында мұғалімге балағат сөз айтқан оқушының видеосы тараған болатын. Мұғалім Талдықорған қалалық полиция бөліміне арыз жазды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.02   490.7   4.86 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети