Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанға жаңа әкім тағайындалды Дастан Шалтабаев

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен Талдықорған қаласына жаңа әкімді тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен қалалық мәслихат депутаттарының қолдауымен Талдықорған қаласына жаңа әкімді тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қала активінің отырысында Амандық Баталов қалалықтарға жаңа әкім Дастан Шалтабаевты таныстырды. 

"Бағдат Қарасаев жақсы жұмыс істеді. Оның басшылығымен қала дамып, облыс орталығының экономикасы жақсарды. Оның бай тәжірибесін ескере отырып, ол енді менің кеңесшім болады", - деді Амандық Баталов. 

Өз кезегінде экс-әкім облыс басшылығын өзіне сеніп тапсырғаны үшін алғыс білдіріп, жаңа қызметте жалпыға ортақ іс үшін барын салатынын айтты. 

Талдықорған қаласының жаңа әкімі Дастан Шалтабаев өзіне дейін басталған жұмыстарды соңына дейін апаратынын айтты. 

"Жыл басынан бері жас әкімдерді тағайындағанымды білесіздер. Ауыл тұрғындарының маған қоңырау шалып, алғыс білдіріп жатқаны ұнайды. Жаңа әкімге де осындай баға алуын тілеймін. Жаңа әкімнен жұмысты жақсы атқаруын талап етемін", - деді облыс әкімі. 

Айта кетейік, Аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Баталовтың үкімімен Махаббат Бигелдиев Кербұлақ ауданы әкімінің қызметіне тағайындалды

Еске салайқы, осыған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыс активіне Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімдерін таныстырған еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады
Алматыда қалың қар жауды
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 520.22  course up  609.26  course up  6.58  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети