1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алматы облысында тағы бір ауданға жаңа әкім тағайындалды24 мамыр 2018, 13:27

Махаббат Бигелдиев Махаббат Бигелдиев

Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыс активіне тағы бір аудан әкімін таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен Баталовтың үкімімен Махаббат Бигелдиев Кербұлақ ауданы әкімінің қызметіне тағайындалды. 

Аудан активі отырысында Алматы облысының әкімі Қарасай ауданының әкімі болған Бигелдиевтің табысты жұмысын ерекше атап өтіп, шешілу тиіс бірнеше тапсырма берді. Оның ішінде ауданның экономикалық дамуы, ҚР Президенитінің ауыл шаруашылықты дамыту және үкіметтік бағдарламаларды жүзеге асыру тапсырмасын орындау да бар. 

Еске салайқы, осыған дейін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов облыс активіне Жамбыл және Қарасай аудандарының әкімдерін таныстырған еді.


Ұлттық валюта нығайды