20 қыркүйек 2022 08:51

Талғар ауданының тұрғындары баланы көлік қаққан соң тасжолды жауып тастады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысы Талғар ауданында тұрғындар жолды жауып тастады. Бұған 10 жастағы баланы көлік қағып кетуі себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысы Талғар ауданында тұрғындар жолды жауып тастады. Бұған 10 жастағы баланы көлік қағып кетуі себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от TALGARNEWSKZ (@talgarnewskz)

Алматы облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 19 қыркүйекте 18:45 шамасында болған. 

"Тoyota Camry автокөлігінің 24 жастағы жүргізушісі Жаңалық ауылында Жетіген-Алматы автожолының бойында жаяу жүргіншілер өткелінде 10 жастағы баланы қағып кеткен. Алған жарақаттарының салдарынан бала оқиға орнында мерт болды", – делінген хабарламада. 

Қазір полиция аталған дерек бойынша тергеу жүргізіп жатыр. 

Жаңалық ауылының тұрғындары кісі өліміне алып келген жол апатының бұған дейін де болғанын айтады. 17 тамызда Тереңқара ауылында көлік 3 баланың анасын қағып кеткен. Бұл кезде де тұрғындар жолды жауып, қауіпсіздікті күшейтуді сұраған. 

Ал ауыл әкімі тас жол республикалық маңызға ие болғандықтан, аудан өз бетінше жарықтандыру жүйесін және жол белгілерін орната алмайтынын мәлімдеген. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети