09 қараша 2023 09:43

Талғар тұрғындары ұзаққа созылған жол жөндеу жұмыстарына шағымданды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Талғар тұрғындары қаладағы негізгі көшеде жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талғар тұрғындары қаладағы негізгі көшеде жөндеу жұмыстарының ұзаққа созылғанына шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талғарлықтардың айтуынша, Қонаев көшесін жөндеу жұмыстары қазанның ортасында басталған. Жол жабылғандықтан, тіпті екі рет көлік соқтығысып, жаяу жүргіншілер қазылған жолдарды айналып өтуге мәжбүр. Жолдың жабылған бөлігін айналып өтетін көліктердің бітпейтін легі тұрғындардың да, жүргізушілердің де ашуын келтіреді.

Талғар әкімдігі мәліметінше, күрделі жөндеу жобасы жолды төрт жолаққа дейін кеңейтіп, жаяу жүргіншілер жолы мен екі жақта арық жүйесін қамтамасыз етуді қамтиды. Сондай-ақ, жаңа үлгідегі жарық бағаналары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылады.

Қала басшылығы жағдайды бақылауда деп сендірді.

"Көшені кеңейту жұмыстары жоспарға сай жүргізіліп жатыр. Жөндеу жұмыстарын айдың аяғына дейін аяқтаймыз. Асфальт төсеу жұмыстары келесі аптада аяқталып, одан кейін жаяу жүргіншілер жолын жөндеу жұмыстары жоспарланған. Жұмыс күші мен техника жеткілікті, барлығы бақылауда", - деді Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети