03 ақпан 2021 09:45

Талғар тұрғыны дәрігерге тіркелудің жаңа жүйесіне шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото:Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Алматы облысының тұрғыны Талғар аудандық ауруханасының жұмысына шағымданды. Ол медициналық мекемедегі өзгерістерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысының тұрғыны Талғар аудандық ауруханасының жұмысына шағымданды. Ол медициналық мекемедегі өзгерістерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тұрғынның айтуынша, былтыр Талғар аудандық ауруханасының басшылығы өзгерген. Осыдан кейін медициналық мекемеде дәрігерге жазылу тәртібі өзгерген.

"Мен дәрігерге қаңтардың екінші жартысында, 20-сынан кейін жазылғым келген. Бірақ маған алдағы екі аптаға бос орын қалмағанын айтты. Кейін ақпанға жазылғым келді. Алайда олар келесі айға жазылу тек 1-нен басталатынын айтты. 1 ақпанды күтуге мәжбүр болдым", - деді Талғар тұрғыны.

"1 ақпанда таңертең 8 болмай тіркеу бөліміне қоңырау шалдым. Бірақ 8.20-ға дейін оларға қосыла алмадым. Хабарласу мүмкін болмағандықтан бірден ауруханаға бардым. Онда үлкен кезек тұр. 50 немесе одан да көп адам осы айда дәрігерге тіркелу үшін тұрды. Ешқандай арақашықтық сақталмаған, кішкентай бөлмеде бір-бірінің артында тұр", - деп қосты әйел.

Ол кезекте шамамен бір сағат тұрғанына наразы болды. Кезегі келіп эндокринологқа жазылғысы келгенде, ол дәрігердің денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін айтқан.

Талғар аудандық аурухана басшылығы ай басында кестенің қалыптасуына байланысты тіркеуде үлкен кезек болғанын хабарлады. 

Еске салайық, қаңтар айының ортасында Талғар аудандық ауруханасының бас дәрігері Нұрлан Күлсейітов қайтыс болғаны хабарланды. 62 жастағы дәрігердің коронавирус өкпесінің 90-95 пайызына әсер етіп, қайтыс болғаны хабарланды. Әріптестерінің айтуынша, шамамен тоғыз жыл бұрын Құлсейітов жол апатына ұшырап, әрең аман қалған. Бұл оның денсаулығына әсер еткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети