26 желтоқсан 2022 09:42

Талғарда 40 көліктен құралған шырша әуеден видеоға түсірілді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талғарда 36 жеңіл автокөлік, бір эвакуатор және үш квадроциклден шыршаның пішіні құралды. Жаңа жылдың символы квадрокоптер көмегімен әуеден видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талғарда 36 жеңіл автокөлік, бір эвакуатор және үш квадроциклден шыршаның пішіні құралды. Жаңа жылдың символы квадрокоптер көмегімен әуеден видеоға түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түрлі-түсті жарқыраған көліктер қараңғы түспей сап түзей бастаған. Нәтижесі түнде түсірілген. Кейінірек видео әлеуметтік желілерде, kris_p_talgar-парақшасында пайда болды.

"Дәстүрлі Талғар көлік шыршасы. Рас, биыл қарапайымдау болды. Бар болғаны 36 жеңіл көлік, бір эвакуатор және үш квадроцикл келді. Бірақ бәрі де әдеттегідей, көңілді өтті. Басты мақсат орындалды, жұрт бір-бірімен сөйлесті, көңіл көтерді. Барлық қатысушыға рақмет! Жаңа жыл құтты болсын, қымбатты талғарлықтар!" – делінген видео сипаттамасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети