15 маусым 2015 | 23:28

Талғат Ермегияевке аса ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдік келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Astanafans.com © Astanafans.com

Астананың №2 Алматы аудандық соты "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ  бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевті үй қамауына алуды санкциялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астананың №2 Алматы аудандық соты "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ  бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевті үй қамауына алуды санкциялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 46 жастағы Ермегияевке ҚР ҚК 176-бабы, 4-бөлімінің "б" пункті ("Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") бойынша бөтеннің мүлкін пайдаланды деген күдік келіп отыр.

Заң бойынша бұл қылмыс үшін "мүлкi тәркiленiп және белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан бес жылға дейiнгi мерзiмге айырып, жетi жылдан он екi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазасы кесіледі".

Еске сала кетейік, 11 маусымда Ермегияев Мемлекет басшысының тапсырмасымен "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылған болатын. Кейін ол үй қамауына алынды. Сонымен қатар, сот бұған дейін "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ құрылыс департаментінің бұрынғы басшысы Үсеновті қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын қабылдады.

Талғат Ермегияев 1969 жылы 7 мамырда Алматыда дүниеге келген. Ол ҚР Туризм және спорт министрі мен вице-министрі қызметтерін атқарды. Сонымен қатар, ҚР Спорт және дене шыныңтыру агенттігінің, "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ басшысы болды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети