Талғат Мұсабаев Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

20 Қаңтар 2016, 19:06
0
Талғат Мұсабаев Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Талғат Мұсабаев Қазақстан Президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметіне 2017 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы өкілеттік мерзімге тағайындалды", - делінген хабарламада.

Талғат Мұсабаев қазақтың 2-ші, ал әлемнің 309-шы ғарышкері, техника ғылымдарының докторы (2008), авиация генерал-лейтенанты (2007). ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитетін басқарады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай