27 маусым 2021 16:24

Талғат Мұсабаевтың өкілі мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Талғат Мұсабаевтың өкілі Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Талғат Мұсабаевтың өкілі Сұңқар Нұрмағамбетов мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Талғат Мұсабаев аутизмі бар балаға шабуыл жасағаны туралы БАҚ-та жарияланған хабарламаларға байланысты мынаны хабарлаймыз, БАҚ арқылы тараған ақпарат шындыққа жанаспайды және құқықтық бағалауды талап етеді.

Мұсабаевтың тарапы осындай негізсіз айыптауларға құқық қорғау органдарының назарын аудару қажет деп санайды.

Мұндай ақпараттық манипуляцияларды үшінші тараптар қоғамдағы жағдайды өз мақсатына пайдалану үшін қолдануы мүмкін", - деді Нұрмағамбетов.

Еске салайық, Мұсабаев пен астаналық тұрғын Алина Нұртастың қақтығысы 24 маусымда қыз ит серуендетіп жүргенде болған. Алина Нұртастың айтуынша, оқиға орнына полиция шақырылған, кейін ол құқықбұзушы сенат депутаты Талғат Мұсабаев екенін білген. Нұр-

Сұлтан полиция департаменті Tengrinews.kz тілшісіне бұл жанжалға Талғат Мұсабаев шынымен де қатысты екенін растады.

Кейін Талғат Мұсабаев қызға шабуыл жасады деген айыптауға жауап берді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети