Тамара Дүйсенова қызметінен кетті

09 Шілде, 09:34
0
Тамара Дүйсенова қызметінен кетті -

Тамара Дүйсенова Nur Otan партиясының хатшысы қызметінен кетті. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол бір жарым жылдың ішінде партияның сайлауалды тұғырнамасы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға үлкен үлес қосты. Нәтижелі еңбегі үшін Тамара Қасымқызына партия басшылығының атынан алғыс білдіріп, алдағы қызметіне табыс пен сәттілік тілеймін", - деді Бауыржан Байбек.

Тамара Дүйсенова 2018 жылдың ақпанынан партия хатшысы қызметінде болған еді. Ол қызметке дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай