Тамара Дүйсенова зейнетке шыққан соң не істейтінін айтты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда неліктен жұмыс істейтін зейнеткерлер көп екенін және зейнетке шыққаннан кейінгі өзінің жоспарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Қазақстанда неліктен жұмыс істейтін зейнеткерлер көп екенін және зейнетке шыққаннан кейінгі өзінің жоспарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенат отырысы кулуарында журналистер министрден Қазақстанда жұмыс істейтін зейнеткерлер санының артуы неге байланысты екенін сұрады.

"Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілерге еңбек шартын жалғастыру немесе сол адамның жұмыс тәжірибесіне байланысты жалғастырмау туралы шешім қабылдауға мүмкіндік бердік. Көптеген жұмыс беруші бұл жұмысшыларды сол жалақымен бұрынғы күйінде қалдырады. Оған қоса, олар республикалық бюджет ұсынған зейнетақы алады. Иә, кейбір жағдайларда жұмысын жалғастырғысы келетін адамдар болуы мүмкін, өйткені бұл олардың отбасылық бюджеті үшін қажет. Яғни, біз жұмысқа кедергі жасамаймыз. Бұл - адамның таңдауы", - деді Тамара Дүйсенова.

Министр зейнетке шыққаннан кейінгі жоспарын айтты.

"Менің тәжірибем қажет болса, жұмысты жалғастырар едім. Тәжірибем қажет болмаса, онда, әрине, мен де зейнетке шығамын. Зейнетақы аламын", - деді ол.

Айта кетейік, қазір Тамара Дүйсенова 58 жаста.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 524.37  course up  610.36  course up  6.7  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer