Синоптиктер 2019 жылғы тамыз айына консультативтік болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер 2019 жылғы тамыз айына консультативтік болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Тамыз айында ауаның орташа температурасы солтүстік-батыс жартысында климаттық норманың жанында, ал оңтүстік-шығыс жартысында нормадан 1 градус жоғары болады деп күтіледі. Жауын-шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормаға жуық, орталық, оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстағы кей жерлерде нормадан аз болады деп болжанады", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, синоптиктердің мәліметінше, бірінші онкүндіктің ішінде белсенді циклонның ықпалымен республиканың басым бөлігінде күн күркіреп, кей жерлерде жаңбыр жауады, сондай-ақ жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде ғана күн ашық болады. Бірінші онкүндіктің ішінде ауа температурасы басым болады.
Синоптиктердің болжамы мынадай болып отыр:
"Батыста, солтүстік-батыста 15...25 жылы;
Солтүстікте 17...25 жылы;
Орталықта 25…33 жылы;
Шығыста 30...38 жылы;
Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста 30...38 жылы болады деп күтілуде.
Ал бірінші онкүндіктің ортасында жылы ауа массасын шығарарумен бұлттылықты ашылуы мен ауа температурасының көтерілуі күтілуде:
"Батыста, солтүстік-батыста 23...31 жылы;
Солтүстікте 25...33 жылы;
Орталық пен шығыста 33...39-ға дейін, кей жерлерде 41-ге дейін жылы болса;
Оңтүстік және оңтүстік-шығыста 33...39-ға дейін, кей жерлерде 43-ке дейін жылы болады деп болжануда.
Ұзақ мерзімді болжамға сәйкес, айдың екінші және үшінші онкүндігінде жаңбырлы күн ауа температурасының қысқа мерзімді жоғарылауымен ауыстырылады.