01 тамыз 2021 14:49

Тамызда Қазақстанда қандай өзгерістер болады?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тамызда еліміздің бас санитария дәрігерінің бірнеше маңызды жаңалығы күшіне енеді. 2021 жылдың тамызында қандай өзгерістер болатыны жайлы Tengrinews.kz материалынан біле аласыз.


Тамызда еліміздің бас санитария дәрігерінің бірнеше маңызды жаңалығы күшіне енеді. 2021 жылдың тамызында қандай өзгерістер болатыны жайлы Tengrinews.kz материалынан біле аласыз.

Карантиннің күшеюі және "қоңыр-қызыл" аймақ

Еліміздің бас санитария дәрігері 2021 жылдың 2 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағанды қалаларында күшіне енетін қаулысын жариялады:

  • орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, Денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын, сондай-ақ қаулының осы тармағының 4-тармақшасында көрсетілген ұйымдарды қоспағанда, меншік нысандарына қарамастан Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйым қызметі тоқтату;
  • ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  • мемлекеттік органдар (ұйымдар), кеңселер, ұлттық компаниялар және өзге де ұйым қызметкерлерінің 80 пайызы үшін қашықтан жұмыс істеу нысанын сақтау (вакцина алған және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда);
  • "қоңыр-қызыл" аймақта демалыс күндері шектеу шаралары енгізілсін.

Ashyq-сыз жұмыс істеуге рұқсат берілетін нысандар:

  • құрылыс жұмыстарын жүргізу;
  • өнеркәсіп кәсіпорындарының қызметі;
  • байланыссыз қызмет көрсету (көлікжуу, көліктерді, тұрмыстық техниканы, сағаттарды, телефондарды, компьютерлерді, аяқ киімді жөндеу, тігін ательесі, кір жуу орындары, химиялық тазалау, кілттерді жасау, тұрмыстық үй қағидаты бойынша көрсетілетін қызметтер және басқалар),
  • гүл сататын дүкендер, фотосалон қызметі;
  • туристік компаниялардың, бизнес-орталықтардың, жекелеген қызмет түрлерінің (сақтандыру компаниялары, адвокат, нотариус, бухгалтер және консалтинг қызметтері, жылжымайтын мүлік жөніндегі агенттіктер, жарнама агенттіктері, сот орындаушылары, айырбастау пункттері, ломбардтар, банктер, "Қазпошта" АҚ бөлімшелері және т. б.) қызметі;
  • қоғамдық тамақтану нысандарының қызметі тек шығарып беру және жеткізуге арналған.

2 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы әлі де тек үш аймаққа бөлінген - "жасыл", "сары" және "қызыл". Еліміздің барлық өңірі "қызыл" аймақта орналасқан.

Ashyq жүйесінде көшбасшы нысандар пайда болады

9 тамыздан бастап Ashyq көшбасшыларына сағат 00.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Жобаға қосылған басқа нысандар сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейді.

Ashyq көшбасшысы мәртебесін беру ведомствоаралық комиссияның шешімімен бекітіледі. Ashyq "көшбасшысы" мәртебесінің әрекет ету ұзақтығы - екі апта. Көшбасшылар тізімі әкімдіктер сайтында орналастырылады.

Ashyq "көшбасшысы" мәртебесін алған жоба қатысушыларына мынадай жеңілдіктер беріледі:

  • "Қызыл" аймақтағы жобаға қатысушылар "сары" аймақ шарттары бойынша жұмыс істейді;
  • Жобаға қатысушылар "сары" аймақта "жасыл" аймақтың шарттары бойынша жұмыс істейді;
  • "Жасыл" және "қоңыр-қызыл" аймақтардағы жоба қатысушыларына жұмыс тәртібі қосымша 2 сағатқа ұзартылады, сондай-ақ нысанның толтырылуы 10 пайызға артады;

Қазақстанның бас санитария дәрігерінің қаулысын мына сілтеме арқылы оқи алсыз.

Ashyq-қа қандай кәсіпорындар тіркелуі керек?

  • Фитнес-клубтар, соның ішінде йога орталықтары.
  • Спа орталықтары.
  • Монша, сауна, бассейн.
  • Компьютерлік клубтар, соның ішінде PlayStation клубтары.
  • Боулинг клубтары.
  • Кинотеатрлар.
  • Театрлар мен филармониялар.
  • Қоғамдық тамақтану орындары, жазғы алаңдар, фуд-корттар, банкет залдары, стритфудтардан басқа.
  • Асханалар типі бойынша қоғамдық тамақтану нысандары.
  • Облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдар.
  • Облысаралық және облысішілік тұрақты тасымалдар.
  • Бильярд клубтары.
  • Концерт залдары.
  • Ерікті қатысушылар.
  • Караоке.
  • Көрмелер.
  • Океанариум.
  • Марафондар.
  • Көрермен қатысатын спорттық іс-шаралар.
  • Әуежайлар.
  • Лотерея клубтары және лотерея өткізетін өзге де орындар.
  • Балалар ойын-сауық орталықтары (ғимарат ішінде).
  • Цирктер.
  • Қонақүйлер.
  • Халыққа қызмет көрсету орталықтары.
  • Теміржол вокзалдары мен автовокзалдар.
  • Базарлар (жабық және ашық), сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері (азық-түлік емес).
  • Балаларды сауықтыру орталықтары.
  • Букмекерлік кеңселер.
  • Сұлулық салондары, шаштараздар, маникюр мен педикюр, косметикалық және косметологиялық қызметтер көрсететін салондар.
  • Жоғары оқу орындарын, колледждерді және білім беру орталықтарын қоса алғанда, білім беру нысандары (қызметкерлер, 18 жастан асқан адамдар үшін).
  • Спорт кешендері, спорттық-сауықтыру орталықтары.

Вакцинация

Бұған дейін Қазақстанның бас санитария дәрігері вакцина салдырмаған әртүрлі нысан қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін 10 тамызға дейін, екінші компонентін 1 қыркүйекке дейін алуы тиіс деп қаулы шығарған болатын. Соңғы үш айда тұрақты медициналық қарсы көрсетілімі болған және коронавирус жұқтырған адамдар бұл топқа кірмейді. (Вакцина салдырудан кімдер бас тартуға құқылы екенін мына жерден оқи аласыз).

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, жұмыс беруші "егер қызметкер әрекеті өмірі мен денсаулығына, оның ішінде басқа қызметкерлерге қауіп төндіретін болса, оны жұмыстан шеттете алады".

Вакцина салдырудан бас тартқан қызметкер жұмыстан босатылуы мүмкін бе?

Дәрігерлер үстемақысы

Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі коронавируспен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлеріне үстемеақыны екі есе қысқартуды ұсынған болатын.

Үстемақы мөлшерін былайша есептеу ұсынылады:

  • бірінші тәуекел тобы үшін: айына 1 тамыздан 1 қазанға дейін 425 000 теңге (10 ЕТЖМ). 1 тамызға дейін қызметкерлерге екі есе көп - 850 000 теңге төленді;
  • екінші тәуекел тобы үшін дәрігерлерге айына 1 қазанға дейін (5 ЕТЖМ) 212 500 теңге төлеу жоспарланған. 1 тамызға дейін төлем 425 000 теңге болған;
  • үшінші тәуекел тобы үшін: 1 қазанға дейін 106 250 теңге (2,5 АЕК). 1 тамызға дейін төлем екі есе көп болды - 212 500 теңге.

Денсаулық сақтау министрлігінің құжаты "Ашық НҚА" сайтында жарияланған және 4 тамызға дейін көпшілік талқылауында болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети