16 мамыр 2022 08:56

Танымал алматылық хирург Ғани Берістемов 54 жасында қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғани Беристемов. © facebook/gkb7 kz Ғани Беристемов. © facebook/gkb7 kz

Алматыда 15 мамырда әйгілі хирург, "Алтын дәрігер" атағының иегері, №7 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Ғани Берістемов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аурухананың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.


Алматыда 15 мамырда әйгілі хирург, "Алтын дәрігер" атағының иегері, №7 қалалық клиникалық аурухананың хирургия бөлімінің меңгерушісі Ғани Берістемов қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аурухананың Facebook-тегі парақшасына сілтеме жасап.

Дәрігер ұзақ аурудан кейін 54 жасында қайтыс болды. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.

"Ол мамандығына шексіз берілген, жан-жақты білімді, біліктілігі мен табиғи дарыны қатар ұштасқан үлкен жүректі дәрігер болды.

Ғани Тамиұлы Берістемов өмірінің 30 жылын медицина мен халыққа қызмет етуге арнады. Ол адалдығымен, еңбекқорлығымен және жоғары жауапкершілік қасиетімен ерекшеленді. Тәлімгер ретінде жас дәрігерлермен үнемі өз тәжірибесімен бөлісті.
Оның еңбек жолының 10 жылы бір медициналық ұйымда – Алматы қаласының №7 қалалық клиникалық ауруханасының қабырғасында өтті", - делінген некрологта.

Әріптестері, клиниканың барлық қызметкерлері және пациенттер Ғани Тамиұлын кәсіби біліктілігі, жоғары адами қасиеттері, адамдарға деген ілтипаты қарым-қатынасы үшін жоғары бағалағаны әрі құрметтегені айтылды.

Ғани Берістемовтің денсаулық сақтау саласына қосқан елеулі үлесі үшін алған мемлекеттік марапаттары:

"Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін" төсбелгісі (2017 жыл), "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" (2011 жыл), Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің Алғыс хаты, "Алтын Дәрігер" төсбелгісі, "Отанға сіңірген еңбегі және Айрықша еңбегі үшін" ордені, "Парыз, Абырой, Отан" мерейтойлық медаль, "Көп жылғы адал еңбегі үшін, Чернобыль және жергілікті соғыс ардагерлеріне ілтипат пен қамқорлық үшін" Құрмет грамотасы.

"№7 Қалалық клиникалық аурухана ұжымы осындай жанның біздің қатарымызда болғанын мақтан тұтып, таңдаған дәрігер мамандығын қалай атқару керектігін және азаматтықтың жоғары үлгісін көрсетіп кетті.

Орны толмас, мезгілсіз қазаға ортақтаса отырып, Ғани Тамиұлының отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз. Ол туралы нағыз кәсіпқой, жанашыр адам, дос, әріптес ретіндегі жарқын естеліктер жүрегімізде мәңгі сақталады! Иманды болсын!", - деп жазды марқұмның әріптестері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети