15 сәуір 2021 08:58

Танымал әнге арқау болған Нурикамал Сейтжанова өмірден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "Хабар" © "Хабар"

Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейтжанова 72 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды 716.kz ақпараттық порталы. 


Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Нурикамал Сейтжанова 72 жасында өмірден өтті, - деп хабарлайды 716.kz ақпараттық порталы. 

Нурикамал Сейтжанова еңбек жолын совхоздың жұмысшы қызметінен бастады және мемлекеттік қызметшінің табысты мансаптық өсуінің барлық сатысынан өтті. Әр жылдары мұғалім, Торғай облыстық атқару комитетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы, Торғай облыстық мәдениет басқармасының, Қазақстан халқы кіші ассамблеясының атқарушы хатшылығының, Ақмола облыстық Ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының, Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Соңғы жылдары Мемлекет тарихы институтында қызмет еткен. 

"Нурикамал" әні Нурикамал Сейітжановаға арналған. Әнге арқау болған бойжеткеннің есімі араб тілінен алынған: "Нури" - көрікті, "камал" кемеліне келген, толысқан сұлу дегенді білдіреді. 

"Жолдасым бір қызға ғашық болғанын білдім". "Нурикамал" әні кімге арналған?

Әннің сөзін жазған - Ханбибі Есенқарақызы, ән авторы - Тұрдықылыш Ізтаев. Олар ерлі-зайыпты жандар. Ән Тұрдықылыш Ізтаевтың Нурикамал есімді қызға ғашық болуынан туған екен. Ән 1988 жылы жарық көрген. Ол кезде отбасының үш баласы болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети