06 шілде 2020 17:40

Танымал журналист Жолдасбек Дуанабай дүниеден өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: facebook.com Сурет: facebook.com

Саналы ғұмырын қазақ руханиятының, қазақ журналистикасының дамуына арнаған танымал журналист Жолдасбек Дуанабай дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жас Алаш" газетіне сілтеме жасап.


Саналы ғұмырын қазақ руханиятының, қазақ журналистикасының дамуына арнаған танымал журналист Жолдасбек Дуанабай дүниеден өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Жас Алаш" газетіне сілтеме жасап.

Қаламы жүйрік, сөзі өткір, елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған журналист қай тақырыпты қаузап жазса да, айтар ойы халықпен үндес болды. Басылым мәліметінше, қазақ руханиятына өлшеусіз үлес қосқан Жолдасбек Дуанабай досқа адал, кішіге қамқор болған азаматтық болмысы бір төбе еді. Елдің жайын үнемі електен өткізіп отыратын ол бар ғұмырын журналистикаға арнады.

Жолдасбек Дуанабай бірнеше жыл қазақ басылымдарына елеулі еңбек сіңірді. Республикалық "Айқын", "Жас қазақ" газеттерінің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.

Еңбек жолын "Лениншіл жастан" бастаған ол соңғы алты айда "Жас Алаш" газетінде жауапты хатшы қызметін атқарды. "Қай жұмысты да жауапкершілікпен атқара жүріп, шығармашылық ізденістерін ешқашан тоқтатқан емес. Қарымды қаламгердің басылым беттерінде жүргізген арнайы айдарларын оқырман жылы қабылдап, оның еңбегі мемлекет тарапынан ескеріліп, арнайы марапаттарға да ие болды", - делінген басылымда.

Жолдасбек Дуанабайдың ел тәуелсіздігін жариялап, кем-кетігін түгендей бастағанда тілімізді, мәдениетіміз бен өнерімізді, салт-дәстүрлерімізді дәріптеп, насихаттауға қаламының күшімен-ақ көп еңбек сіңірген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети