13 наурыз 2020 13:22

Танымал мәжіліс депутаты жаңа қызметке тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды ATPress.kz.


Бақытгүл Хаменова Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды ATPress.kz.

Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жаңа орынбасарын таныстырды. 

Бақытгүл Хаменова 1981 жылы Атырау облысы Атырау қаласында туған. Екі баласы бар. 

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін бітірген, қазақ тілі және әдебиеті пәндерінің мұғалімі. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, аспирант.

Атырау мұнай және газ институты, мұнай және газ инженері, Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экономика және бизнес бакалавры. Филология ғылымдарының кандидаты.

1999-2001 жылдары Атырау облыстық телерадио-ақпараттық компаниясының дикторы, редакторы.

2001-2004 жылдары Атырау мұнай және газ институтының қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушысы, Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің элитарлық мектебі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары.

2004-2005 жылдары "Рахат ТВ" Атырау телерадио хабарларын тарату филиалы қазақ редакциясының корреспонденті.

2005-2016 жылдары Атырау Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінің директоры.

2016 жылғы 24 наурыздан бастап - алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

Nur Otan партиясының мүшесі, партияның Саяси кеңесінің мүшесі.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети