“Тапсырысыңыз қоймада тұр“: қазақстандықтарға қауіпті қоңыраулар туралы ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Тапсырысыңыз қоймада тұр“: қазақстандықтарға қауіпті қоңыраулар туралы ескертілді Фото:depositphotos.com

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы қазақстандықтарға тауарларды фейк онлайн-жеткізумен байланысты алаяқтық жағдайлардың жиілеп кеткенін ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Жаңа схема қалай жұмыс істейді?

Ведомство мәліметінше, қаскөйлер азаматтарға өздерін курьер, жеткізу қызметі, интернет-дүкендер немесе танымал маркетплейстердің қызметкері ретінде таныстырып қоңырау шалады. Олар адамның атына тапсырыс ресімделгенін айтып, тауарды растауды немесе жеткізуден бас тартуды ұсынады.

Сенімге кіру үшін алаяқтар сөйлесушінің дербес деректерін атауы мүмкін. Содан кейін олар SMS-хабарламамен келген кодты айтуды сұрайды. Егер адам ештеңеге тапсырыс бермегенін және сәлемдеме күтпегенін айтса, алаяқтар психологиялық қысым жасауға көшеді.

"SMS-кодты хабарлау арқылы азамат іс жүзінде алаяқтарға өзінің жеке аккаунттарын басқаруға рұқсат береді. Кейіннен алаяқтар ақшалай қаражатты жымқырып, сондай-ақ онлайн-несиелер рәсімдеуі мүмкін", – деп ескертті Бас прокуратура.

Нені есте сақтау маңызды?

Бас прокуратура маркетплейс, жеткізу қызметі мен банк қызметкерлері телефон арқылы, оның ішінде тауардың жеткізілуін растау үшін SMS-кодтарды сұрамайтынын еске салды.

Қазақстандықтарға келесі сақтық шаралары ұсынылады:

  • ешкімге SMS-хабарламадағы кодтарды айтпау;
  • күдік туындаған жағдайда сөйлесуді тоқтатып, маркетплейстің ресми арналары арқылы өзіңіз хабарласу;
  • алаяқтық белгілері болған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну.
Читайте также

Валюта бағамы

 472.17   540.82   6.12 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +15
Астана +17
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +28
Б
Балқаш +19
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +17
К
Көкшетау +19
Қ
Қостанай +24
Қызылорда +23
П
Павлодар +17
Петропавл +20
С
Семей +16
Т
Талдықорған +22
Тараз +25
Түркістан +23
О
Орал +19
Ө
Өскемен +25
Ш
Шымкент +22

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер