02 наурыз 2017 11:35

Тараз әкімі ауысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгіннен бастап Таразға жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Бүгіннен бастап Таразға жаңа басшы келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Облыс орталығының жаңа әкімі болып Рүстем Дәулет тағайындалды. Ол Жамбыл облысының тумасы. Биыл 43-ке толады. Бұған дейін Рүстем Дәулет Жамбыл облысындағы Шу ауданы әкімі қызметінде болған. 

Рүстем Рысбайұлы Дәулет - 1974 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1996 жылы "Элтекс" Жамбыл жоғарғы кәсіпкерлер мектебін "маркетинг және коммерция", 2003 жылы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын "мемлекеттік басқару" және 2010 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын 1994 жылы "Бостандық" акционерлік қоғамында жұмысшы болып бастаған.

1995-2000 жылдары Талас ауданы Бостандық ауылдық округі әкімінің орынбасары, әкімі,  2000-2002 жылдары Қаратау қаласы әкімінің орынбасары, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында тыңдаушы болған.

2003-2004 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты аппаратының консультанты, Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда Комитетінде басқармасы бастығы, 2004-2011 жылдары Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасы орынбасарының, Сенат депутатының көмекшісі, 2011-2013 жылдары Жамбыл ауданы әкімінің орынбасары, 2013-2015 жылдары Жамбыл ауданының әкімі және 2015-2017 жылдары Шу ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

Ал қаланың бұрынғы әкімі Нұржан Календаров Жамбыл облысы әкімінің  2017 жылғы 2 наурыздағы №67 өкімімен Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды. Бұл қызметте ол 2013 жылдың 31 желтоқсанынан бері болған еді. Нұржан Сәбитұлы Календеров 1976 жылы туылған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 1997 жылы, Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын халықаралық экономикалық қатынастар мамандығы бойынша бітірген.

Ал 2013-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарған Рахманбердиев Рахматілдә Сегізбайұлы Байзақ ауданының әкімі болып тағайындалды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети