Тараз маңындағы жарылыстар: қаза болған әскери прокурор құрметіне ескерткіш тақта ашылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Арман Қапезов. Фото: gov.kz Арман Қапезов. Фото: gov.kz

Тараз қаласындағы Оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасы ғимаратының қасбетінде ескерткіш тақта ашылды. Ол қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери прокурор, әділет полковнигі Арман Қуанышұлы Қапезовтің құрметіне арналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура сайтына сілтеме.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Тараз қаласындағы Оңтүстік өңірдің әскери прокуратурасы ғимаратының қасбетінде ескерткіш тақта ашылды. Ол қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери прокурор, әділет полковнигі Арман Қуанышұлы Қапезовтің құрметіне арналған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Бас прокуратура сайтына сілтеме.

Ведомство мәліметінше, рәсімді Бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Дастан Сартаев пен Арман Қуанышұлының анасы Ділда Қапезова ашқан.

"Арман Қуанышұлы адамдарды топтастыра білетін және әріптестер арасында құрмет пен беделге ие еді. Ол мәдениеті, ерекше ақылы және адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленетін. Арманның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі қалады", - деді Дастан Сартаев.

Сонымен қатар, іс-шараға Бас прокуратураның Кадрларды дамыту департаментінің бастығы Мұрат Тілеубердиев, Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыс Әкімінің орынбасары Рүстем Дәулет, әскери және аумақтық прокурорлар, сондай-ақ Арман Қапезовтің туыстары мен жақындары қатысқан.

Олар мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойып, әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Еске салайық, Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде 26 тамызда сағат 19.00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шыққан. Өрт салдарынан анықталмаған заттар жарылған.

Жарылыстар салдарынан әскери прокурор қаза тапқаны хабарланған болатын. Оның артында төрт баласы қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer