Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы ІІБ қызметкерлері 1994 жылғы жас әйелдің баласын әжетханаға тастау себебін анықтап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, жас әйел екі баланың анасы.

Болжам бойынша, әйел қылмысқа отбасылық және әлеуметтік-тұрмыстық проблемалардан барған. Күдіктінің үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция өкілдері оқиғаның мән-жайы кейінірек хабарланатынын айтты.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 3 қаңтарында "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожолындағы қоғамдық әжетханадан жаңа туған сәби табылған болатын. 8 қаңтарда полицейлер дәретханаға жаңа туған сәбиін тастаған келіншекті тапты. Дәрігерлер нәрестенің шамамен 6 күн бұрын дүниеге келгенін анықтады.