22 қыркүйек 2023 | 09:51

Тараз тұрғындары шағымын айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры видео кадры

Таразда тұрғындар барлық саябақтар мен алаңдарды басып алған скутер жүргізушілеріне шағымданды. Әуесқойлар жаяу жүргіншілер жолына шығып, дөрекі түрде сигнал береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Таразда тұрғындар барлық саябақтар мен алаңдарды басып алған скутер жүргізушілеріне шағымданды. Әуесқойлар жаяу жүргіншілер жолына шығып, дөрекі түрде сигнал береді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

"Міне, қараңдаршы, мопедтер жүр, шу, қанша адам қыдырып жүр, балалар. Бассыздық" – дейді жергілікті тұрғын.

Тараздықтар көптен бері жаяу жүргіншілер жолында скутершілер жарысатынына шағымданып келеді. Қазір қалада балалармен тыныш жүретін жер жоқ дейді. Оның үстіне осындай саябақтардың бірі облыстық полиция ғимаратының алдында орналасқан. Ол жерде де скутерлерді жалға алуға болады. Полицейлер рейдтер болып тұратынын айтады.

Қазір күніне 30-40 мопед тебетін адамға айыппұл салынады дейді. Кейбіреулер полиция қызметкерлерін көріп, жасырынуға тырысады.

"Заң бар, осы Заңға сәйкес электрскутерді, самокатты қолданатын кез келген азамат арнайы киім киюі керек. Егер оның арнайы киімі болмаса, оны саябақта тоқтатамыз, әкімшілік хаттама жасаймыз. Егер бәрі бар болса, біз профилактикалық әңгіме жүргіземіз", - дейді Тараз ПБ жол-патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары Айдын Әбдірахманов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 482.09   532.1   5.08 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети