05 сәуір 2021 12:48

Таразда әскерден қашып кеткен сарбаз қалай жазаланды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Казанғапов

Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздың кінәсі екі бап бойынша дәлелденді. Бұл туралы Әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Таразда әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаздың кінәсі екі бап бойынша дәлелденді. Бұл туралы Әскери полиция бас басқармасы бастығының орынбасары Бекен Шынтілеуов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қатардағы жауынгер Арысбаевтың әрекеті ӘҚБтК-нің екі бабы бойынша сараланды. Бөлімді дәлелсіз себептермен өз еркімен тастап кету және бұйрықты қасақана орындамау. Оның кінәсі толығымен дәлелденді. 1 сәуірде әкімшілік сот шешімімен оған 20 тәулік мерзімге гауптвахтаға қамауға алу жазасы тағайындалды", - деді Қорғаныс министрлігінің брифингінде Бекен Шынтілеуов.

Бұған дейін қатардағы жауынгер Арысбаев анасын сағынғандықтан, бөлімнен өз еркімен кетіп қалғаны хабарланған болатын.

"Іс бойынша қылмыстық сипаттағы басқа факт анықталған жоқ", - деп толықтырды Бекен Шынтілеуов.

Оның айтуынша, бөлім қолбасшылығының кінәлі лауазымды тұлғалары қатаң тәртіптік жауапқа тартылған.

"Ақпаратты алғаннан кейін бірден әскери полиция органдары мен бөлім қолбасшылығы оны іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды. Барлығы 250-ге жуық әскери қызметкер, 7 әскери техника тартылды. Ұшқышсыз ұшу аппараты мен қызметтік иттер жұмылды.

Сарбаз әлсіздік пен тәртіпсіздік көрсетті деп санаймын. Оның әрекеті жағымсыз салдарға әкелді. Қоғамдық резонанс тудырды. Бұл әскери бөлімнің беделі мен имиджіне ғана емес, жалпы Қарулы күштерге де әсер етті. Сонымен қатар, оны іздеуге көп күш пен қаражат тартылды", - деді Шынтілеуов.

Гауптвахта - бұл қамауға алынған әскери қызметкерлерді ұстауға арналған арнайы ғимарат.

Еске сала кетейік, 26 наурызда әскери бөлімнен қатардағы жауынгер Нұрасыл Арысбаев түнгі кезекшілік кезінде жоғалып кеткен болатын. Бөлімнен қарусыз кеткен. 19 жастағы әскери қызметші 30 наурызда табылды. Механикаландырылған бригаданың жауынгері тағы алты ай қызмет етеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети