Таразда болған жарылыс: Біртанов зардап шеккендердің жағдайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда болған жарылыс: Біртанов зардап шеккендердің жағдайын айтты

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Таразда жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Таразда жарылыстан зардап шеккендердің жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Иә, біз оқиға орнында үш адамның қаза тапқанын білеміз, үш адам ауруханада жатыр. Съездің алдында дәрігерлермен сөйлестім, бір бала ми жарақатын алған, ауыр жағдайда жатыр. Ол ота жасатуға дайындалып жүрген. Зардап шеккендер министрлік және Жамбыл облысының денсаулық сақтау органдарының тарапынан қажетті көмекті алып жатыр", - деді Елжан Біртанов.

Министрдің айтуынша, зардап шеккендерді әзірше санавияциямен жеткізудің қажеті жоқ.

"Жоғары дәрежелі термиялық күйік алған науқас бар, оған интенсив терапия жасалып жатыр. Жағдай бақылауда. Жағдайы тұрақталған кезде оны орталық клиникаға жеткізуге дайынбыз", - деді министр.

Еске салайық, бұл оқиға бүгін, 27 ақпанда таңғы уақытта болған. Нақтыланған мәліметтер бойынша, 145 адам эвакуацияланған. Үш пәтер бүлінген. Сондай-ақ, сол үйдегі тұрғындардың көбі пәтерді жалдап тұрғаны айтылады.

Көпқабатты үйде болған жарылыс орнында түсірілген видео жарияланды

Кейінірек Нұрсұлтан Назарбаев Таразда болған төтенше оқиғаға байланысты пікір білдірген болатын. "Мен қаза болған адамдардың отбасыларына, туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. (...) Бұл іспен енді премьер-министр айналысуы керек пе? Мұндай жағдайларға әрбір отбасы жауапты. Бұл қауіпті, газды ұқыпты қолдану керек", - деген еді Назарбаев "Нұр Отан" партиясының съезінде. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети