17 ақпан 2023 09:29

Таразда тұрғынға дер кезінде жедел жәрдем жібермеген диспетчер жұмыстан босатылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда телефон арқылы хабарласқан жүрек талмасы бар әйелді маскүнем деп ойлаған диспетчер жұмыстан босатылды. Салдарынан науқас медициналық көмек алмастан қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.


Таразда телефон арқылы хабарласқан жүрек талмасы бар әйелді маскүнем деп ойлаған диспетчер жұмыстан босатылды. Салдарынан науқас медициналық көмек алмастан қайтыс болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "КТК" телеарнасына сілтеме жасап.

Марқұм 46 жастағы Людмила Остапенконың туыстары кінәлілер жеңіл құтылды деп есептейді. Науқаспен бірінші болып сөйлескен диспетчер жұмыстан шығарылған. Қалған екі диспетчер қатаң сөгіс алған. Сондай-ақ, диспетчерлік қызмет бастығы мен станция бас дәрігерінің екі орынбасары да сөгіс алды. Өлім дерегі бойынша прокуратура қылмыстық іс қозғауға негіз барын айтқан.

"Біз бұл іс аяқталғанын қалаймыз. Прокуратура қылмыстық іс қозғауға негіз бар деп жауап бергендіктен, оны қозғау керек деп есептеймін. Бірақ тергеуші байланысқа шықпай жатыр. Кез келген қылмыстық істің өз мерзімі болатындықтан, бұл істі әдейі созып жүр ме деген ой келеді. Бұл мерзім бітеді - содан кейін бәрі пайдасыз", - дейді марқұмның әпкесі Ирина Шаевская.

Еске салайық, Таразда жүрек талмасына шалдыққан әйел жедел жәрдемді жарты сағаттан аса күткен. Жедел жәрдем диспетчері науқасты мас адам деп қателесіп, дер кезінде көмек бермеген. Нәтижесінде бригада науқастың жүрегі тоқтап қалған кезде барған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети