03 ақпан 2021 17:48

Тараздағы жедел жәрдем қызметкерлерін "мәжбүрлі" вакцинациялауға қатысты түсінік берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Желіде медицина қызметкерлерін вакцина салуға мәжбүрледі деген видео тарады. Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Желіде медицина қызметкерлерін вакцина салуға мәжбүрледі деген видео тарады. Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы өкілдері видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Видео Tarazpost парақшасында жарияланды. Кадрларда маска таққан әйел медицина қызметкерлеріне вакцина салдырмаса жұмыстан ауысатынын айтады. Ал олар Мемлекет басшысының вакцинация ерікті болады деген сөзін келтіреді. 

"Біз сендерді шеттетеміз, себебі сендер алғы шепте жүрсіңдер. Тағы айтамын, бәрібір шеттетілесіңдер, жедел жәрдем қызметінде жұмыс істей алмайсыңдар", - дейді видеодағы әйел. 

Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасындағылар видеоға түсінік берді. Ведомство мәліметінше, роликтегі № 2 қалалық емхананың жедел жәрдем бөлімінің жүргізушілері. Олар шынымен 2 ақпанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинадан бас тартуға "ниет білдірген".

"Жүргізушілермен бас дәрігердің орынбасары Рабиға Багишева кездесті, ол вакцинацияның қажет екенін түсіндірді, өйткені олар "қызыл аймақта" жұмыс істейді, тұрғындармен күнделікті байланыста болады. Вакцинация қызметкерлердің қауіпсіздігі мен COVID-19-дың одан әрі таралуының алдын алу үшін қажет. Ол жүргізушілер вакцинациядан бас тартқан жағдайда коронавирус жұқтырудың ықтималдығы жоғары екенін түсіндірді. Осыған байланысты вакцина алмаған жүргізушілер жұмыс орны мен жалақысы сақтала отырып, "жасыл аймаққа" ауыстырылады. Қызметкерлерді жұмыстан босату туралы ешқандай қысым болған жоқ", - дейді Денсаулық сақтау басқармасының өкілі.

Ведомстводағылар Тараз қаласының №2 емханасының қалған тоғыз жүргізушісі коронавирусқа қарсы вакцинаны өз еркімен алғанын атап өтті. Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы медицина мекемелерінің басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізетіні хабарланды.

Еске салайық, 26 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы вакцинация екпе салынатын адам қажет ақпаратты алғаннан кейін ғана еркін түрде салынатынын айтқан болатын. 

"Қазақстанның "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі" Кодексінің 77-бабына сәйкес ҚР азаматтары вакцинациядан бас тартуға құқылы", - деді ДСМ өкілдері. 

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіндегілер "вакцина еркін түрде жүргізілетіндіктен екпеден бас тартқан жағдайда ештеңе болмайтынын" айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети