Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Тарихи-патриоттық фильмдерді көп түсіру қажет - Назарбаев

21 Тамыз 2014, 15:47
2
Нұрсұлтан Назарбаев. ©akorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаев. ©akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақфильмді" тарихи-патриоттық фильмдерді түсіруге үндеді, - деп хабарлайды ресми сайтына сілтеме жасап. Алматыда Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ басшысы Ермек Аманшаевпен кездескен Нұрсұлтан Назарбаев осы мәселені ерекше атап өтті.

Президенттің айтуынша, патриоттық фильмдер жас ұрпақты тәрбиелеуге оң әсер етпек. "Қазақстан Президенті Қазақ хандығының түрлі тарихи кезеңдеріне және сол заманның айтулы тұлғаларына арналған кинолар түсірудің өзектілігіне тоқталды", - делінген ресми хабарламада.  

Мемлекет басшысы жас қазақстандықтарды тәрбиелеуді көздейтін анимациялық фильмдерді түсіру керек деп санайды. Себебі халықтың мәдени дамуында киноиндустрияның орны зор. Ал осы саланы күшейту үшін мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалған: киностудияда озық құрылғылар мен заманауи түсіру алаңдары бар.   

Аманшаевтың хабарлауынша, ағымдағы жылдың аяғына дейін "Қазақфильм" прокатқа сегіз фильмді шығаруды жоспарлап отыр. Ол туындылардың тақырыбы әр алуан. Өткен жылы қазақстандық фильмдер бір миллионнан астам көрерменді жинады.

Бұдан бөлек, Назарбаев Қазақстанның театр қызметкерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловпен кездесіп, тарихи тақырыптарға арналған спектакльдерді көбейту қажеттігін жеткізді.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (2)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай