1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Тарихтағы ең қаралы күндердің бірі" - Тоқаев АҚШ-тағы террорлық шабуылдар туралы 11 қыркүйек 2021, 10:52

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдың 20 жылдығына орай Америка халқына көңіл айтты, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қыркүйектегі лаңкестік шабуылдың 20 жылдығына орай Америка халқына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін біз де бүкіл әлемді дүр сілкіндірген АҚШ тарихындағы ең қаралы күндердің бірі – 2001 жылдың 11 қыркүйегіндегі террорлық акт құрбандарын еске аламыз", - деді Мемлекет басшысы Twitter-де.

Сондай-ақ, Президент Қазақстан терроризммен күресте халықаралық қауымдастықты қолдайтынын айтты.

"Адамзатқа қарсы жасалған осы жантүршігерлік оқиға бүкіл әлемдегі миллиондаған адамдардың жадында берік сақталған.

Қазақстан әлемдік қоғамдастықтың терроризмге қарсы іс-қимылдарын түбегейлі қолдайды. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету – Қазақстан стратегиясының және АҚШ-пен стратегиялық серіктестігіміздің негізгі ұстанымы", - деді Тоқаев.

Еске салайық, осыдан 20 жыл бұрын, 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-та адамзат тарихындағы ең ірі террористік шабуылдардың бірі болды. Үш мыңға жуық адам қаза тапты. Екі ұшақ Нью-Йорктегі Дүниежүзілік сауда орталығының мұнараларын тас-талқан етті, үшіншісі Пентагон ғимаратына құлады, ал тағы біреуі Пенсильваниядағы Шанксвилл маңына түсті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram