Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тәртіпсіздіктерге қатысқандарды бейбіт митингке шыққандар ретінде көрсету көбейді - сенатор 20 қаңтар 2022, 13:14

Сенатор Ләззат Сүлеймен қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды бейбіт митингке шыққандар ретінде көрсету көбейгенін айтты, - деп хабарлайды
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Сенатор Ләззат Сүлеймен қаңтардағы жаппай тәртіпсіздікке қатысқандарды бейбіт митингке шыққандар ретінде көрсету көбейгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сенатор премьер-министр атына жолдаған депутаттық сауалында қаңтардағы оқиғалар кезінде тіркелген әрбір факт мұқият зерделенуі тиіс екенін айтты.

"Мемлекеттік төңкеріс жасауға ұмтылған бүлікшілерді толық анықтау және қатаң жазалау - бұл халық талабы. Тәртіпсіздікке қатысқандарды бейбіт митингке шыққандар ретінде көрсететіндер көбейіп барады. Екі мыңнан аса адам ұсталды, мемлекетіміздің конституциялық жүйесіне соққы беруге тырысқан бандит кім екенін нақты анықтауымыз керек. Олар заң бойынша жауапқа тартылуы керек", - деді Сүлеймен Сенат отырысында.

Сондай-ақ, депутат ұсталғандар арасында бейбіт митингтерге қатысушылар, жаппай тәртіпсіздік жасаған бұзақылар, тонаушылар, экстремистер, террористер нақты анықталуы тиіс және бұл адамдар өзінің кінәсіне қарай жазалануы тиіс екенін айтты. Депутаттың айтуынша, ешбір жағдайда бейбіт адамдардың әділетсіздік құрбанына айналуына жол беруге болмайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram