14 сәуір 2019 15:52

Ташкентте Тоқаевтың келуін күтіп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуіне дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстаннан. 


Ташкентте Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың келуіне дайындалып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Өзбекстаннан. 

Бұл Тоқаевтың Мемлекет башсысы ретінде екінші шетелдік сапары. Сәуірдің басында Президент Мәскеуде болды. Ол онда ресми сапармен барды. Өзбекстанға Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен келе жатыр. 

Ташкент қаласының басты көшелерінде қазақстандық делегацияның келуі туралы хабарлайтын тулар мен билбордтар ілінген. 

"Қазақтар - жақсы адамдар. Иә, сіздердің Президент келетінін естідік. Қалада тулар іліп жатқанын байқадық", - дейді жергілікті тұрғын Максим Росляков. 

© Tengrinews.kz 

"Үш-төрт күн бұрын Ташкентте сіздердің Президенттің келуіне байланысты жалаулар мен баннерлерді безендіре бастады. Біз бауырлас халықтарымыз. Бізде қазақ ауылдары да бар. Маған Қазақстан ұнайды, Алматыда, Шымкентте болдым. Онда жақсы адамдар тұрады", - дейді жергілікті тұрғын.

Фото Tengrinews.kz 

Келіссөздер барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен сауда-экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және көлік-транзиттік салалардағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға бағытталған екіжақты ықпалдастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі басты тақырыптарды талқылайды.

Бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылады деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, Қ.Тоқаев пен Ш.Мирзиёев Өзбекстандағы Қазақстан жылының салтанатты ашылу рәсіміне қатысады.

11 сәуірде Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтауда болды. Онда Президент бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап, теңіз сауда портының қызметімен, Ақтау қаласының курорттық аймағы инфрақұрылымының дамуымен танысты, сондай-ақ Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети