30 сәуір 2021 11:44

Тасжолда көмек күткен әйел бірнеше сағат бойы қансырап жатқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысы Приозерск қаласының тұрғыны бірнеше сағат бойы қансырап, тасжолда көмек күтуге мәжбүр болған. Күйеуі оны ауруханаға апара жатқан жолда көлігі бұзылып жолда қалған. Жедел жәрдем ұзақ айналғандықтан, ер адам жолдағы көліктерден көмек сұраған. Алайда жол бойындағы көліктердің ешқайсы тоқтамаған. Нәтижесінде ерлі-зайыптыға полицейлер көмектесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 сәуірде кешке әйел кенеттен ауырып, қан кеткен, деп жазады Polisia.kz. Күйеуі жедел жәрдем шақырып, дәрігерлер 40-50 минуттан кейін келген.

"Олар маған қан кетуін тоқтататын екпе жасады. Кейін Приозерск қаласындағы медициналық мекемелерінің біріне апарды. Онда мені қарап, Балқашқа бару керек екенін айтты. Өйткені оларда қажетті мамандар мен жабдықтар жоқ. Сонымен қатар, белгісіз себептермен мамандандырылған медициналық көлік те қалаға шыға алмайтын болды.

Күйеуім мені өз көлігімен алып шықты. Бірақ жолда көлік бұзылып, жүрмей қалды. Ол жолға шығып, көмек сұрады. Бірақ бірде-бір көлік тоқтаған жоқ. Уақыт өткен сайын қансырай бердім. Әлсіздік пайда болды. Күйеуім Балқаш жедел жәрдем станциясына қоңырау шалды. Бізге көлік жіберетіндерін айтты. Шамамен екі сағаттан кейін мен талып қалдым", - деді әйел.

Осы кезде күйеуі жолдың ортасына шығып, келе жатқан көлікті тоқтатқан. Ол полиция қызметкерлері екені белгілі болды. Олар ерлі-зайыптыны Балқашқа қарай апарған. Жолда 30 шақырым жерде әйелге келе жатқан жедел жәрдемді көрген.

"Қазір Софияның жағдайы жақсы және тәртіп сақшыларына кәсібилігі үшін алғыс білдіреді", - делінген портада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети