Тасжолдарға "Крис-П" қайтарылды: алғашқы нәтижелер жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тасжолдарға "Крис-П" қайтарылды: алғашқы нәтижелер жарияланды Фото:t-l.ru

Жетісу облысының тасжолдарына "Крис-П" жылжымалы жылдамдық өлшегіштері қайтарылды. Жүйені пайдаланудың алғашқы нәтижелері айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тәртіп сақшылары мәліметінше, Жетісу облысында жыл басынан бері 443 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 116 адам қаза тауып, тағы 716 адам жарақат алған. Жол апаттарының негізгі себептерінің бірі жылдамдықты шамадан тыс арттыру екені атап өтілді.

"Осыған байланысты, облыс жолдарында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысына қатысушылардың өлімі мен жарақатын азайту мақсатында "Крис-П" фоторадар жылжымалы кешенін пайдалана бастады.

Халық арасында "үш аяқты" деген лақап атқа ие құрылғы ЖҚЕ бұзғандарды фото және бейнетіркеумен автокөлік құралдарының жылдамдық режимін автоматты бақылау үшін қолданылады", - деді Жетісу облыстық Полиция департаменті өкілдері.

Облыс полицейлерінде барлығы сегіз "Крис-П" кешені бар. Ведомство мәліметінше, "Крис-П" жүйелерін пайдалану облыстың автожолдарындағы апат деңгейін төмендетуге көмектескен.

"Талдау 26 қазан мен 31 қазан аралығында патрульдік полиция қызметкерлері "Крис-П" қолданған республикалық маңызы бар жолдарда жылдамдықты арттыру салдарынан бірде-бір ЖКО тіркелмеген.

Сонымен қатар, кейінгі екі айда (көрсетілген апталық кезеңді есептемегенде) республикалық маңызы бар жолдарда 42 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 20 адам қаза тауып, 73 адам түрлі дене жарақаттарын алған. Айта кету керек, жол-көлік оқиғаларының басым бөлігі жылдамдықты шектен тыс асыру салдарынан", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯСЫ (@zhetysu.police)

Бір апта ішінде "Крис-П" радарлары жылдамдық шектеуін бұзған 276 жағдайды тіркегені хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +18
Астана +16
Ақтау +24
Ақтөбе +16
Атырау +23
Б
Балқаш +18
Ж
Жезқазған +14
Қ
Қарағанды +15
К
Көкшетау +17
Қ
Қостанай +23
Қызылорда +17
П
Павлодар +16
Петропавл +19
С
Семей +21
Т
Талдықорған +21
Тараз +20
Түркістан +21
О
Орал +19
Ө
Өскемен +22
Ш
Шымкент +21

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер