30 маусым 2016 18:16

Тасмағамбетов: Командирлер толық жұмыс атқармайды, нәтижесінде біз сарбаздардан айырылып отырмыз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманғали Тасмағамбетов. © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Иманғали Тасмағамбетов. © ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бүгін селектор форматында қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен алқа мәжілісінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.


Бүгін селектор форматында қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетовтің төрағалығымен алқа мәжілісінің отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство сайтына сілтеме жасап.

Бұл бағынысты әскерлерді басқару және орындарда ахуалды бақылау бойынша командирлер мен қолбасшылардың қол үзіп қалмауын барынша азайту қажеттілігімен негізделген. Күн тәртібінде әскерлердің мүддесін тікелей қозғайтын үш маңызды мәселе қаралды.

Бірінші мәселе диверсияға қарсы қауіпсіздік пен әскери объектілерді қорғау жөніндегі ахуалды көрсетті. Келесі әскерлерді инспекциялау және тексеру мәселелерін жетілдіру қарастырылды. Себебі, бұл тақырыптың өзектілігі өткізілетін тексерістердің нәтижелерімен туындады. Соңында Әскери-әуе күштеріндегі істің жай-күйіне ерекше назар аударылды.

Әскери техника дамыған сайын жауынгерлердің алдында тұрған тапсырмалар да күрделене түседі. Олардың көлемі ұлғаяды, жұмыстарының сипаты өзгереді, моральдық, моральдық-психологиялық және физикалық жүктемелері артады. Ал бұл жеке құрамның сана-сезімінің өсуін қажет етеді. Осылайша, бөлімнің жауынгерлік әзірлігі әрбір әскери қызметшінің жауынгерлік әзірлігінен қалыптасады.

"Әскери тәртіп әскерлердің жауынгерлік әзірлігін қамтамасыз етудің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Сондай-ақ, ол әскери бөлімде әскери қызмет өткеру қауіпсіздігін, қажетті материалдық тұрмыстық жағдайды қамтамасыз ететін жағдай жасаумен қол жеткізіледі. Бұл тармақ бойынша әртүрлі деңгейдегі командирлер толық жұмыс атқармайды. Нәтижесінде біз сарбаздардан айырылып отырмыз және бұл туралы барлықтарыңыз жақсы білесіздер", - деп қорғаныс ведомствосының басшысы Иманғали Тасмағамбетов атап өтті және олардың мүлтіксіз сақталуына қол жеткізуге тапсырма берді.

Алқа мәжілісінің отырысына Қорғаныс министрлігі башсылығының өкілдері, департаменттер мен басқармалардың басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскер тектері, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінің бастықтары, сержанттар құрамы қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети