04 ақпан 2017 | 14:11

Тасмағамбетов ҚР вице-премьері қызметінде қандай шаруа тындырды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иманғали Тасмағамбетов Иманғали Тасмағамбетов

Tengrinews.kz тілшілері Иманғали Тасмағамбетовтің ҚР вице-премьері қызметінде қандай істер бітіргенін еске алады. 


Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews.kz тілшілері Иманғали Тасмағамбетовтің ҚР вице-премьері қызметінде қандай істер бітіргенін еске алады. 

Талғар қалашығы территориясында құрылыс жұмыстары тоқтады

Бұған дейін Талғар қалашығының территориясында барлық құрылыс жұмыстарын тоқтату бойынша тапсырыс берілген. Оның мақсаты - Қазақстанның нысандарын ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізімінде сақтау және осы ұйымның қажетті стандартына сәйкес болуы. ЮНЕСКО-ның бас директорымен Париждегі кездесуде Жібек жолының бірінші Чанъань-Тяньшань үзігіндегі 8 қазақстандық ескерткішті ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізімінде қалдыру бойынша келісім жасалды. 

Кейкі батырдың сүйегін жерлеу

2017 жылдың жазының соңына дейін Кейкі батырдың Қазақстанда жерленетін жерін анықтап, жерлеу туралы шешім шығарылды.

Педиатрия факультеттерін қалпына келтіру

2017 жылы Қазақстанда педиатрия факультеттері қалпына келтіріп, балалар емханаларының сапасы жақсарады. 2007 жылы медициналық ЖОО-лар кадр дайындаудың жаңа моделіне өткен болатын. Сол уақытта педиатрия факультеттері жалпы медицинаға енген еді. Енді балалар дәрігері болу үшін резидентура аяқтау керек. Сондықтан түлектер мұндай салалық мамандық таңдауға қызығушылық танытпаған. Статистикалық мәліметтер бойынша, 2012 жылы "педиатрия" маманды бойынша 742 ғана адам, 2013 жылы - 423, 2014 жылы - 7 адам білім алған. Салдарынан республикада балаларды емдеу ісінде дәрігерлер жетіспеді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

2017 жылдан бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілді. Бұл бағдарламаның аясында медициналық көмекті күндізгі оқу формасындағы барлық студент ала алатын болды. Ал төлемді мемлекет жасайды. Сырттай оқитын студенттерге келсек, төлемді олар жеке кәсіпкерлік жолмен өздері жасауы керек немесе олардың жұмыс берушілері төлеуі тиіс, не болмаса халықты жұмыспен қамту орталықтарында ресми тіркелген болса мемлекет төлейді. Сырттай оқитын студентке төлем не жарна түспесе, оларға тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің аясында медициналық қызмет көрсетіледі. Бұған жедел жәрдем және санавиация, айналасындағыларға қауіп төндіретін әлеуметтік мәні бар аурулар мен аурулар кезіндегі медициналық көмек, алдын-алу екпелері, 2020 жылға дейін амбулаторлық дәрі-дәрмекпен қамтылған амбулаториялық-емханалық көмек 

Балалар үйінің тәрбиеленушілерінің азаюы

Мемлекеттік органдар балалар мекемелеріндегі тәрбиеленушілердің санын оларды асырап алуға, патронатқа өткізуге және асырап алушы отбасыларға беру жолдарымен азайту бойынша жұмысты қарқындатты. Отбасылық құрылымның балама формалары кеңейтілді - асырап алу, қамқоршылық, қорғаншылық, патронат, қамқорлыққа алумен қатар, 2017 жылдан бастап қабылдау және қонақ отбасылар енгізіледі.

Мемлекеттік ЖОО-ларға ректорларды тағайындаудың жаңа талаптары

Қазақстанның бұрынғы вице-премьері Иманғали Тасмағамбетовтың төрағалығымен жоғары оқу орындарының ректоры лауазымына үміткерлерді анықтау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның алғашқы отырысы өткен еді. Сол отырыста бекітілген жаңа талаптар бойынша, жаңа талаптарға сәйкес ректорлардың тағайындалуы ашық конкурс негізінде жүргізіледі. Республикалық комиссия қарауына жоғарғы оқу орнының бақылаушы кеңесі кем дегенде үш кандидатты ұсынады. Комиссия қатысушылардың оқу орнын дамыту бағдарламасын тыңдап, сұхбат жүргізеді. Соның нәтижесінде ЖОО-ның ректоры лауазымына кандидатты анықтайды. Бұл жаңашылдық қазақстандық жоғарғы оқу орындарының басқару құрамын сапалы толтыру және басқару дербестігін ұлғайту, сондай-ақ, қоғам алдындағы есептілікті күшейту қажеттігінен туындап отыр.

Білім беру жүйесінің модернизациясы

ҰБТ жүйесін жетілдіру бітіру емтихандары мен ЖОО түсу емтихандарын бөлуді қарастырады. Бұл бітірушілердің терең білімін, білімнің жүйелілігі, толықтығы, талдау, қорыту, жіктеу мүмкіндіктерін анықтайтын дағдыларын тексеруге бағытталады. 2016 жылдан бастап 2019 жылға дейін орта білім ұйымдары жүйесінде кезең-кезеңімен оқытудың жаңа мазмұнына көшу жоспарланған. Жаңа оқулықтар, бағдарламалар мен оқыту әдістері механикалық оқытудан функционалдық сауаттылыққа бағытталады, яғни өз білімі мен дағдыларын логикалық қолдануға үйрететін болады. Жоғары білім беру саласында ЖОО-ның автономдылыққа көшуі және олардың академиялық, қаржылық тәуелсіздігін кеңейту жүргізілді. 

Мемлекеттік функцияларды азайту

Мемлекеттік функцияларды қысқартуға, азаматтардың шешім қабылдау үрдісіне қатысуын кеңейтуге, жергілікті өзін-өзі басқару және өзін-өзі реттеуді дамытуға, сонымен қатар, мемлекеттің шығындарын азайтуға бағытталған бірқатар шаралар атқарылды. Бәсекелестік ортаға бірқатар қызметтерді беру шешілді. Атап айтқанда, Әділет министрлігінен - бағалау қызметін реттеу функциясын, Энергетика министрлігінен - экологиялық аудиторларды реттеу қызметін, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінен - медициналық көмек көрсету сапасы мен деңгейіне азаматтардың қанағаттану дәрежесін анықтау бойынша функциясын беру шешілді.

Үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы беру

2017 жылдан бастап Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы беріледі. Сыйақы ұйымдардың жарғылық мақсаттарына, институционалды дамуына, қызметкерлердің біліктілігін көтеруге, бірлестіктің материалдық базасын нығайтуға жұмсалады. Үкіметтің атынан берілетін сыйақы қоғамдық ұсыныстар мен олардың қызметін бағалауды ескере отырып, әлеуметтік жобаны сәтті жүзеге асырған ұйымдарға беріледі. Үміткерлерді іріктеу құзыретті орган жанындағы ҮЕҰ-мен іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінде жүргізіледі. Сыйақы алуға өтінім жолдаған әрбір ұйым кеңес мүшелері мен тәуелсіз сарапшылардан құралған сараптау комиссиясының бағалауынан өтеді. 2015 жылы ҮЕҰ туралы заңның қабылдануымен "ҮЕҰ үшін грант" түсінігі енгізілген болатын. Гранттарды беруді гранттық қаржыландыру операторы - "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады.

ЮНЕСКО сертификатын ҚР ұлттық музейіне беру

Еліміз 2017 жылы ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар тізіміне "Асық ұлттық ойыны" номинациясын енгізуді және "Қорқыт мұралары" көпұлттық номинациясын үйлестіруді жоспарлап отыр. ЮНЕСКО-ның тізіміне мұраларды тіркеу Қазақстанның материалдық емес мәдени мұраларын елімізде және халықаралық деңгейде кеңінен насихаттауға, сондай-ақ оларды қорғау бойынша ұлттық деңгейде жүйелі шаралар қабылдауға ықпал етеді.

Елдің сандық кітапхана қорын ашу

Қазақстанда 2020 жылға қарай барлық кітапхана қоры сандық жүйеге өтеді. Аталған сандық жүйе кітапхана қызметінің дамуына оң ықпал етіп, кітапхана қорын құру, сақтау және одан әрі дамытуға жаңа мүмкіндіктер береді. Бұл Қазақстандағы барлық кітапханалардың бірыңғай электронды каталогын құруға көмектеседі. Мұның ізін ала Қазақстан "ТМД елдерінің электронды кітапханасы" жобасына қосылады. Бұл жағдайда ресейлік қорларда сақтаулы тұрған ерекше кітаптар біздің азаматтар үшін де қолжетімді болмақ. Сонымен бір уақытта республикада алғаш рет сирек әрі ерекше кітаптар мен қолжазбалардың орталығы ашылады. Сонымен қатар, оқушылар үшін әдебиет пәні бойынша мектеп бағдарламасына үздік заманауи авторлардың шығармалары енгізіледі. Ал, еліміздің жас тұрғындарына арналған әдеби шығармаларды тегін жарнамалауға мүмкіндік беру қарастырылған.

Тұңғыш рет "Кинематография туралы" заң жасалып жатыр

"Кинематография туралы" заң, сондай-ақ Кинематографияны дамыту тұжырымдамасы ұсынылды, бұл құжаттарда отандық киноиндустрияның одан әрі дамуының негізгі бағыттары көрсетілген. Премьер-министр өзінің орынбасары болған Иманғали Тасмағамбетовке барлық мүдделі тараптармен бірлесе отырып Кинематографты дамыту тұжырымдамасы мен Заң жобасын талқылап, оларды Үкімет қарауына ұсынуды тапсырған еді.

"Алаш" қозғалысының 100 жылдығына дайындық

Бүгінде "Алаш" қозғалысының тәуелсіздік мұраттары үшін күрестегі рөлі мен маңызын, оның көшбасшыларының саяси-құқықтық, ұлттық құндылықтарға қатысты көзқарастарын, тұжырымдарын жаңа заманның талаптарына сай зерделеу өте маңызды. ХХ ғасырдың басында ұлттың зиялылары азаттық үшін болған көп ғасырлық күресте маңызды рөл атқарды. Үкімет тарапынан Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми еңбектерін зерделеуді жетілдіру мақсатында ҚР премьер-министрінің орынбасары болған Иманғали Тасмағамбетов музейге ұлттық мәртебесін беру, Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларының 10 томдығын шығару және деректі фильм түсіру жөнінде тапсырма берді.

Әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға ЭКСПО-2017 көрмесінің билеттері тегін

Тұрғындардың әлеуметтік аз қамтылған тобына тегін билет тарату мәселесі пысықталды. Олар осынау ауқымды шараға дайындалған көлемді әрі қызықты репертуарды тікелей өздері тамашалап, көру мүмкіндігіне ие бола алады. Экс-премьер-министр осы сұрақты ерекше бақылауға алуды және бұл қаланың және мәдениет министрлігінің аясында өтетін шараларда ескерілуі керек екенін айтқан еді.

Еске салайық, кеше, 3 ақпанда Иманғали Тасмағамбетов премьер-министрдің орынбасары қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалған еді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети