26 қазан 2016 15:19

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған әлеуметтік тақырыптағы сурет байқауына қатысуға өтінімдер қабылдау жалғасып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

 © Jas.kz  © Jas.kz

Байқау адамдардың шығармашылығын дамытуға, сондай-ақ, қоғам назарын әлеуметтік маңызды проблемалық мәселелерге аударуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.


Байқау адамдардың шығармашылығын дамытуға, сондай-ақ, қоғам назарын әлеуметтік маңызды проблемалық мәселелерге аударуға, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Суреттер 1 қарашаға дейін қабылданады. Астаналықтар ұлттық мәдениетті қолдау; патриотизмді насихаттау; халықтың өмір сүру деңгейі; денсаулық сақтау және білім саласындағы жағдай; ұлтаралық және конфессияаралық шыдамдылық; нашақорлықтың, ойынқұмарлықтың, темекі шегу мен маскүнемдіктің және ЖИТС-тің алдын алу; қоршаған ортаны қорғау және өзге де тақырыптардағы өз еңбектерін ұсына алады.

Сонымен қатар, конкурсқа Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және "ЭКСПО-2017" халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге арналған суреттер де қабылданады.

Шығармашылық байқауға елордада тұратын, оқып жүрген немесе жұмыс істейтін азаматтар қатыса алады. Конкурста жекелеген авторлар да, ұжымдар да бағын сынайды.

Ол үшін ұйымдастырушылар ұсынған бір немесе бірнеше тақырып бойынша эскиз дайындау керек. Әр туындымен бірге белгіленген үлгідегі өтінім тіркелуі тиіс. Өтінімдерді Астана қаласының әкімдігіне 1 қарашаға дейін тапсыруға болады.

Жұмыстар А3 форматында немесе графикалық нұсқада орындалуы керек.

Айта кетейік, конкурсқа қатысу тегін. Конкурстың қорытындысы біздің сайтта жарық көреді. Жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады, үздік туындылар аталған тақырыптар бойынша жарнама конструкцияларын  жасау кезінде пайдаланылады. Анықтама телефондары: +7 (717 2) 55 67 14,  8 (700) 555 22 58.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети