13 желтоқсан 2021 | 12:41

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Шымкентте Ten qogam әлеуметтік қолдау орталығы ашылды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінен Фото: Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметінен

Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету мақсатында Ten qogam әлеуметтік қолдау орталығы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қала өміріне белсене араласуына мүмкіндік жасау және оларға көрсетілетін қызмет түрлерін қолжетімді ету мақсатында Ten qogam әлеуметтік қолдау орталығы ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімдігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл орталық 2021-2025 жылдарға арналған Nur Otan партиясының "Өзгерістер жолы: баршаға лайықты өмір!" сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылып жатыр.

Жаңа орталықтың ашылуына қатысқан Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мүмкіндігі шектеулі азаматтар өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезінулері керек екенін айтты.

"Мемлекет басшысы әрдайым мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көрсетілетін қолдаулар мен әлеуметтік көмекті жіті назарда ұстайды. Азаматтарға қолайлы жағдай, жайлы орта құру немесе өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруға мемлекет тарапынан тиісті қадамдар жасалып келеді. Қазір Шымкент қаласында 36 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі жан өмір сүруде. Біз әлеуметтік жәрдемақыларды уақытылы төлеумен ғана шектелмей, оларға өздерін қоғамның толыққанды мүшесі екенін сезіндіруміз қажет. Бұл ретте мүгедектерді оңалту мен оларды қоғамға кіріктіру міндеттерін сапалы жүзеге асырудың маңызы зор",- деді қала басшысы.

Ж.Аймауытов көшесі, 130 үй мекенжайында орналасқан "Тең қоғам" әлеуметтік қолдау орталығы "Бір терезе" қағидасымен 5 бағытта қызмет түрлерін ұсынады.

Орталық ерекше қажеттіліктері бар адамдарды жұмысқа орналастыруға баса назар аударатын болады. Бұдан бөлек, әлеуметтік қызмет порталдарын ешкімнің көмегінсіз қолдануды үйретпек. Мамандардың айтуынша, орталықта заң бағытында сондай-ақ, әлеуметтік, психологиялық, тұрмыстық мәселелер бойынша кеңес беріледі.

Айта кетейік, ағымдағы жылы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау үшін бюджеттен – 3,7 миллиард теңге қаржы бөлінді. Одан бөлек, 8 үкіметтік емес ұйымдар арқылы 2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат арнаулы әлеуметтік шаралармен қамтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 528.71  course up  540.46  course up  5.18  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer