17 шілде 2018 15:52

"Тәулігіне 20-30 темекі шеккен" - Біртанов босанған әйелдердің өлімі жайлы

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әйелдерден денсаулығын күтуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов әйелдерден денсаулығын күтуді сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өлім бойынша ең жаман көрсеткіш қатарына Ақмола облысы - жыл басынан 6 оқиға және Түркістан облысы кіреді. Бірақ мұнда босану мемлекет бойынша салыстырғанда 2 есе көп. (...) Біз өткен жыл көрсеткішіне мән береміз. Жаз, қыс, көктемде жағдай өзгеріп отырады, маусым және жарты жыл сайын есеп беріп отырамыз. Нысанды түсім керек. Мемлекеттік бағдарлама нысанды көрсеткіштерді анықтайды және әр өңір оның көлемін азайтуға міндетті. Бірак, амал не, аймақтарда көрсеткіш өсіп барады", - дейді Біртанов баспасөз мәслихатында.

Ведомство басшысы жүктілікке дайындалып жүрген келіншектерді денсаулығын күтуді сұрайды. 

"Әйел жүктілікке дайындалу керектігін түсінген абзал, дерті  болса - ол қауіпті. Ал жүктілік болса, мүмкіндігінше тезірек тіркелу қажет", - деді министр.

Оның айтуынша, арнайы жүктілер үшін мобильді қосымша жасалған.

"Үшінші - сауықтыру, мұндай әйедің денсаулығын жақсарту үшін емханада дәрігер мен мейірбикелердің жұмысын күшейту. Әсіресе бойында дерт немесе зиянды қылықтары - шылым шегетін болса. Қайтыс болған әйелдің бірі белсенді темекі тұтынушысы болған. Ал баласы шала туған", - деп жалғастырды Біртанов.

Министрдің айтуынша, ерте кезеңде тексерілуден өтсе, өлімнен қашуға болады.

Астанадағы №1 перинаталды орталықта босанған әйел қайтыс болған еді. Бұл үшінші өлім. Перинаталды орталықтың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Әубәкіровтің айтуынша, науқан 19 жасынан жаман әдеттерге ие және тәулігіне 20-30 темекі шеккен екен. Астанада барлығы 4 өлім тіркелген.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда жыл басынан 31 босанған әйел қайтыс болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети