Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялауға шамамен 4 миллион доллар жұмсалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таяу Шығыстан қазақстандықтарды эвакуациялауға шамамен 4 миллион доллар жұмсалды Фото:depositphotos.com/ daykung

Мемлекет қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялауға шамамен 4 миллион доллар жұмсады. Бұл соманы Үкіметте өткен брифингте көлік министрі Нұрлан Сауранбаев атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялауға шамамен 4 миллион доллар жұмсады. Бұл соманы Үкіметте өткен брифингте көлік министрі Нұрлан Сауранбаев атады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер шенеуніктен Таяу Шығыс елдерінен қазақстандықтарды эвакуациялау шығындары өтелді ме және бұл мәселе қашан толық шешімін табады деп сұрады.

Нұрлан Сауранбаевтың айтуынша, Үкімет пен әуе компаниясы өз міндетін орындады, қазақстандықтар елге жеткізілді.

"Алғашқы кезеңде шамамен 4 мың адам туралы сөз болған еді. Бірақ эвакуация басталғанда, ол жақта 10 мыңнан астам азаматымыз бар екені анықталды. Орта есеппен мемлекет бұл іс-шараларға шамамен 4 миллион доллар жұмсады", - деді министр.

Сауранбаев әуе компаниясы шығындарының бір бөлігін мемлекет өтегенін айтты. Бұл ретте, оның айтуынша, кейбір жолаушылар билеттерді сатып алып қойған, яғни әуе компаниясының қызметін азаматтар ішінара өздері төлеген.

"Тиісінше, біз әуе компаниясы шығындарының бір бөлігін өтедік. Бұған сақтандыру тәуекелдері де кіреді. Одан бөлек, азаматтардың бір бөлігін жағдай біршама тыныш Дубай мен іргелес елдерден жеткізу қажет болды. Жалпы алғанда, бұл мақсаттарға шамамен 4 миллион доллар жұмсалды", - деп атап өтті шенеунік.

Мән-жайы

Бұған дейін Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты 4 мыңнан астам қазақстандық елге қайта алмай қалған болатын. Бұл БАӘ, Қатар және Сауд Арабиясында жүрген туристер еді.

Кейін Азаматтық авиация комитеті 3 наурыздан бастап Таяу Шығыс елдерінен Қазақстанға 12 рейс орындалып, 2111 жолаушы елге оралғанын хабарлады. Жоспарланған рейстерді ескере отырып, билік 4 мыңға жуық азамат қайтады деп күткен болатын.

14 наурызда Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Таяу Шығыстан эвакуациялау аяқталғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, жалпы алғанда Қазақстанның 10 275 азаматы елге оралды. Эвакуация үшін әуе және жерүсті бағыттары пайдаланылды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 467.69   543.24   6.46 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер