“Тек өзіме сенемін“ - министр болашақ зейнетақысы туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Тек өзіме сенемін“ - министр болашақ зейнетақысы туралы Фото:gov.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев зейнет жасына қалай дайындалып жатқаны және болашақта қандай табыс көздеріне сенетіні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев зейнет жасына қалай дайындалып жатқаны және болашақта қандай табыс көздеріне сенетіні туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет кулуарында журналистер Ертаевтан жеке зейнетақы жинақтары туралы, сондай-ақ тек зейнетақыға ма, әлде балалары мен немерелерінің көмегіне сенуді жоспарлап отыр ма деп сұрады.

"Мен өзіме ғана сенемін. Жұмысты 1997 жылы бастадым. Негізінен, менде әрдайым ресми жұмыс болды. Алдымен әкімдікте, кейін банк жүйесінде қызмет еттім, соңыра Астанаға көшіп келіп, бірнеше министрлікте жұмыс істедім. Осы жылдар бойы жинақтарым қалыптасты", - деді Ертаев.

Шенеунік өз жинақтары мен зейнетақы төлемдеріне сенетінін атап өтті.

"Өзіме ғана сенемін және жинап жүрмін. Зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы мен өз жинақтарымды аламын деп ойлаймын", - деп толықтырды ол.

Бұған дейін Еңбек министрлігінің басшысы Қазақстанда таяу арада зейнет жасын көтеру жоспарланбағанын, алайда зейнетақы жүйесіндегі ықтимал өзгерістер талқыланып жатқанын хабарлаған болатын. Толығырақ материалдан оқыңыз.

Тағы оқыңыз: “Ақшаны шығарып алудың қажеті жоқ“. Министр зейнетақы жинақтары туралы пікір білдірді

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 493.15   569.58   6.85 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +26
Ақтау +18
Ақтөбе +17
Атырау +14
Б
Балқаш +32
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +25
К
Көкшетау +22
Қ
Қостанай +33
Қызылорда +30
П
Павлодар +24
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +31
Тараз +35
Түркістан +18
О
Орал +30
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +30

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер